Қазақ балеті Лондонда
Қазақ балеті Лондонда
165
оқылды

Көпшілік назарына «Шопениана» мен «Шахерезада» атты бір актілі классикалық шығармалар ұсынылды.

Лондондағы «Колизей» концерттік залында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театры тұңғыш рет өнер көрсетті. Олар қазақстандық бишілердің шеберлігін жоғары бағалады.

Онда көпшілік назарына «Шопениана» мен «Шахерезада» атты бір актілі классикалық шығармалар ұсынылды. Мұндағы басты рөлдерін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театрының жетекші солистері Жанель Төкеева, Мәлика Елшібаева, Ариса Хасимото, Рақым Даиров, Динара Есентаева және Азамат Асқаровтар сомдады. 

 Өнер ұжымының гастролі Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.