Солтүстіктен 10 мыңға жуық адам көшіп кетіп, мектептер жабылып жатыр
Солтүстіктен 10 мыңға жуық адам көшіп кетіп, мектептер жабылып жатыр
199
оқылды

Сенатор Айгүл Қапбарова көші-қон проблемалары толық шешілмей отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Бұл туралы сенатор депутаттық сауалында айтты.

«2018-2019 жылдары және осы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5123 адам қоныс аударған болса, өңірден 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Осы облыста 20 жылда 300-ге жуық мектеп жабылып, бастауыш және орта мектепте оқитындар 8 мыңға азайған. Мектеп ғимараттары аукционға қойылып сатылуда», – деді Айгүл Қапбарова.

Соңғы 5 жылда елден 189 765 адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық  – 118 832 адам. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететіндердің 43,8%-ін 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар екені алаңдатады. Сенатордың айтуынша, халықтың көшіп кетуіне жайлы баспана, тұрақты жұмыстың жоқтығы себеп болып отыр.

Қоныс аударғандарға кәсіп ашуға көңіл бөлінгенімен, қаржылай өолдау мардымсыз. Көпшілігі қағазбастылықтан қажығанын айтып, жиі шағымданады.