Сенатор Айгүл Қапбарова көші-қон проблемалары толық шешілмей отырғанына алаңдаушылық білдірді.
Бұл туралы сенатор депутаттық сауалында айтты.Соңғы 5 жылда елден 189 765 адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық – 118 832 адам. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететіндердің 43,8%-ін 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар екені алаңдатады. Сенатордың айтуынша, халықтың көшіп кетуіне жайлы баспана, тұрақты жұмыстың жоқтығы себеп болып отыр.«2018-2019 жылдары және осы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5123 адам қоныс аударған болса, өңірден 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Осы облыста 20 жылда 300-ге жуық мектеп жабылып, бастауыш және орта мектепте оқитындар 8 мыңға азайған. Мектеп ғимараттары аукционға қойылып сатылуда», – деді Айгүл Қапбарова.
Қоныс аударғандарға кәсіп ашуға көңіл бөлінгенімен, қаржылай өолдау мардымсыз. Көпшілігі қағазбастылықтан қажығанын айтып, жиі шағымданады.