Комитеттің жаңа төрағасы тағайындалды
Комитеттің жаңа төрағасы тағайындалды
324
оқылды

Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Түркістан облысында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігер, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген, «командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін бітірген. Құқықтану магистрі. 2001-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері, 2010-2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2012-2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2015-2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған.

2019 жылдың қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.