Ұялы телефонмен сөйлескен сарбаз қамауға алынды
Ұялы телефонмен сөйлескен сарбаз қамауға алынды

Ол қызмет үстінде жеке ұялы телефоны арқылы сөйлескені үшін жауапқа тартылды.

Бұл жайында BAQ.KZ  жариялады. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 652-бабының 5-бөлігімен Ұлттық Ұланның әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Онда сарбаз Қызылорда қаласында бекітілген аймағы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызметте тұрған. Сол аралықта сарбаз жеке ұялы телефоны арқылы қызметтік емес сөйлесулер жүргізіп, қызметіне жауапсыздық танытқан екен. 

Сөйтіп, сот қаулысымен ол сарбаз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 652-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылған. Жазасы ретінде 2 тәулік әкімшілік қамауға алынды. 

Мұндай жаза Ұлттық Ұланның №5547 әскери бөлімінде, жас сарбаздардың жауапкершілігін күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылды