Қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді
Қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді
172
оқылды
Қазақстандықтарға патриоттық сезімдерін білдіру үшін еліміздің мемлекеттік туын ғимараттар мен балкондарда ілуге рұқсат етілді. Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды. 27 қарашада Үкімет 2007 жылдың 2 қазанында шығарған № 873 қаулысына өзгерістер енгізді.
4-тармақтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары" туралы бірінші бөлігі енді мынадай:
"Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнатуы, орналастыруы) алады", - делінген қаулыда.