Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Басты жаңалықтар

Жастарға үй алу үшін қандай бағдарлама тиімді?

Былтыр жастар жылы аясында «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй» жобасы жүзеге асырылды. 2021 жылға дейін осы бағдарлама бойынша 9 мың пәтер бөлу жоспарланып отыр. Осыған дейін аймақтық деңгейде жас отбасылар 5546 пәтер иеленді. Бұл жоба еліміздің ең ірі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкет қалаларында іске асады.

Еркежан Айтқазы
Желтоқсан 3, 2020
Басты жаңалықтар, Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Жастарға үй алу үшін қандай бағдарлама тиімді?
3.6k
қаралым

Таяуда жұмысшы жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер түсе бастады. Елордада 1 желтоқсаннан 6 желтоқсанды қоса алғанда жалғасатын құжаттарды қабылдау басталғаннан бері 1300-ден астам адам бағдарламаға қатысуға өтініш білдірді. Өтініштерді жинау әлі жалғасуда.

Бағдарламаға қатысуға арналған барлық өтінімдер qatysu.zhilfond.kz/index.php порталы арқылы тек электронды түрде беріледі. Куәліктер мен құжаттар өтініш берген кезде жіберіледі. Олар бір сканерленген файлға тіркелуі тиіс. Өтініш бергеннен кейін өтініш берушілер мәртебесі туралы SMS хабарлама алады. Егер өтініш беруші бағдарламаның шарттарына сәйкес келсе және толық тізімін ұсынған болса, онда оның өтініші өңдеуге қабылданады. Егер өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін тіркесе немесе олар сапасыз болса, онда оны түзету қажеттілігі туралы хабарлама келеді. Егер үміткер бағдарламаның шарттарын орындамаса, оған бас тарту туралы хабарлама келеді.

Бұрын хабарланғандай, егер төтенше жағдай және карантин режимі кезінде өтініш берушілердің табысы азайып, олар 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған болса, ол да ескеріледі. Ол үшін сіз осы төлем есептелген картаның шотынан үзінді көшірмені қоса беруіңіз керек.

Зейнетақы жинағын алу: Үш сағатта арнайы сайтта 4 мыңнан астам өтінім тіркелді

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережесі жарияланды

Іріктеу баллдық жүйеге негізделеді. Ұпайлар отбасы, балалары, жеке кәсібі, мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік ұйымда жұмыс істегені үшін беріледі. Жеке жетістіктер де ескеріледі, мақтау қағаздары, марапаттарды қоса тіркеп жіберу керек.Бағдарлама1Бағдарламаға кімдер қатысады?

Соңғы екі жылда меншігінде тұрғын үйі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары жалға берілетін тұрғын үй алуға өтініш бере алады. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар мен балалардың мүлкі болмауы керек. Соңғы екі жылда үзіліссіз тұрақты тұруға рұқсат қажет. Сондай-ақ өтініш берушілердің ресми кірісі 40 АЕК немесе соңғы алты айда 111 120 теңгені құрауы тиіс.

Биыл бағдарлама бойынша астанада барлығы 350 бір бөлмелі жалдамалы пәтер беру жоспарланып отыр. Олар орналасқан үйлер Р.Қошқарбаев даңғылы мен Қордай даңғылының қиылысында, сондай-ақ Абылай хан мен Б.Момышұлы даңғылында орналасқан. Тұрғын үйдің ауданы 31-ден 47 шаршы метрге дейін. Ай сайынғы жалдау құны 5000-нан 15000 теңгеге дейін болады. Жалға алу мерзімі – бес жыл.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алушылардың тізімдері zhilfond.kz сайтында жарияланады. Бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша 109 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Алматы жастарының қай ауданнан үй алатыны белгілі болды

Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылға жұмыс істейтін жастардың өтінішін қабылдады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін Наурызбай ауданы, «Alma City-5» шағын ауданындағы бір бөлмелі 350 пәтерге өтініш пен құжаттар қабылданды.

Ескеретіні:

  • Егер Бағдарлама қатысушысы өтініш берген кезде бюджеттік мекеме қызметкері болмаса, бұған дейінгі жұмыс өтілі ескеріледі ме?
  • Өтініш берген кездегі бюджеттік мекемедегі жұмыс өтілі ескеріледі.
  • Егер жеке кәсіпкерлік өзінің қызметін жақында тоқтатса, жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғандық ескеріледі ме?
  • Өтініш берген кездегі жеке кәсіпкерліктің қызметі ескеріледі.
  • Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін балдарын есептеуге жиналған салымның сомасы әсер етеді ме?
  • Жинақ шотта жиналған сома балдарды есептеуге әсер етпейді.

Айта кетерлігі, бұл бағдарлама шарттарына сай келмесе де, өтініш берушілердің саны көп екен. Мысалы, соңғы рет Алматы қаласы бойынша келіп түскен өтініштердің ішінде 1092 адамның өтініші қабылданбаған. Себебі, жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейді. Көбінің басында баспанасы болса, енді бірінде айлық табысы 111 120 теңгеден жоғары екені анықталған. Тіпті, жасы 29-дан асып кетсе де, бағдарлама өтініш бергендер бар екен.

«Алматы Жастары» жобасы неге тиімді?

Қала жастарына жеңілдетілген несие беруге арналған «Алматы Жастары» бағдарламасы 2017 жылы басталды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген еді. Бағдарлама аясында 2017 жылы 6 657 өтініш түсіп, 108 отбасы тұрғын үй сатып алуға несие ресімдеді. 2018 жылы бағдарламаға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

Бағдарлама

   «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық мөлшерлемесінің төмендігінде, яғни жобаға қатысушылар 10 млн теңгеге дейінгі соманы жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген несие түрінде ала алады. Несиелендіру мерзімі 3 жыл мен 25 жыл аралығында. Ол үміткердің төлем қабілеттілігінің негізінде әр жағдайда жеке анықталады. «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша биыл құны 11,07 млрд теңгені құрайтын 888 өтініш рәсімделген екен. Биыл да аталған бағдарлама жалғасын тапты. «Алматы Жастары-3» қалалық бағдарламасының шарты бұрынғыдай. Мұнда 35 жасқа дейінгі 1000 жас отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өткен 2 жылда «Алматы Жастары» бағдарламасы аясында 238 жас отбасы 5 пайыздық мөлшерлемемен пәтер алды.

Биыл бағдарламаның жүзеге асырылуына қалалық бюджеттен 10 млрд теңге және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бюджетінен 3 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат 1 000 алматылық тұрғынның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. www.almaty-zhastary.kz сайтында өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін, Алматы қаласының тұрғын үй басқармасы 20 жұмыс күні ішінде үміткерлер тізімімен қоса, олардың өткізген құжаттарының дұрыстығын тексеріп, жинаған балл санына қарай бағдарламаға қатысушыларды таңдайтын болады. Оған некеде қанша жыл тұрғандығы, балаларының бар екендігі, категория бойынша үздіксіз жұмыс өтілінің мерзімі, халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататындығы әсер етеді. Пул құрылғаннан кейін, қатысушылардың барлығына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде несие рәсімдеу үшін жолдама беріледі. Бұл жолдама 15 жұмыс күні ішінде жарамды. Тұрғын үйді іздеп-табуға банк екі ай уақыт береді. Пәтерді жаңа және қолданыстағы үйден алуға болады. Оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 13 млн теңге көлемінде максималды соманы несиеге береді. Бастапқы жарна кемінде 10%-ды құрауы тиіс. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5%. Мәселен, құны 13 млн теңгелік пәтерді сатып алар кезде займ бойынша төлем алғашқы 8 жылда 101 967 теңгеге, ал қалған 11 жыл ішінде азайып, 54 100 теңгеге тең болады. Әлеуетті үміткерлердің толық тізімімен www.almaty-zhastary.kz сайтынан білуге болады.

Белгілі болғандай, жастарға арналған бұл бағдарламаны Нұр-Сұлтан қаласында да қолданысқа енгізу жоспарда бар. Бірақ барлығын астана қаласының әкімдігі шешеді. Жылдық жоспар бекітілмегендіктен, нақты ақпарат жоқ.

 
Тегтер: бағдарламабаспанажастар
Алдыңғы жаңалық

Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қабылдады

Келесі жаңалық

«Алла сенің жазаңды берсін»: Полиция қызметкері жүргізушіні қарғады

Ұқсас жаңалықтар

Садриддин Ахмедов
Жаңалықтар

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қаңтар 23, 2021
тұрғын
Жаңалықтар

АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
Франция
Жаңалықтар

Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 20:06

Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қаңтар 23, 19:44

АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 18:50

Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды

Қаңтар 23, 18:26

СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар 23, 17:41

Қыста асқынатын аурулар: қалай сақтану керек?

Қаңтар 23, 17:22

Қызылордада көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 17:14
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Садриддин Ахмедов

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 2021
Түркістан

Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»