15 жастағы қазақ университет бітірмек

15 жастағы қазақ университет бітірмек

Қазақ вундергинді Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітірмекші.

Қазір ол 14 жаста. Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті. Бұйырса, келер жылы бакалавр деңгейін алады. Жас данышпан осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша білім алуда. 

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ол ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүр. Сондықтан да жоғары оқу орнын бітірген соң, Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат етуде. Болашақта ғылым әлемінде ерекше із қалдырарына сенімі мол.