«Nur Otan» ауыл тұрғындарының мәселесін назарға алды
«Nur Otan» ауыл тұрғындарының мәселесін назарға алды
132
оқылды
Nur Otan партиясы Көкшетау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Пётр Губчукпен бірге Красный Яр ауылындағы екі қабатты он үйдің тұрғындарымен кездесті. Дәл қазіргі уақытта Уәлиханов көшесіндегі он үйдің тұрғыны жылусыз отыр. Тұрғындар биыл "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша баспаналарын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосады деп отын, көмір алмаған, мердігерлер оларды жылу жүйесіне қоспағандықтан қазір суық пәтерлерде жан сақтауға мәжбүр. Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің өкілі Айдын Жеңістің айтуынша, аталған жобамен көкшетаулык Ремвит жобалық ұйымы айналысқан, алайда аталған он үйді жобалық сметалық құжатқа енгізбеген. ауыл 2017 жылы жоба сараптамадан өткен, әрі жылу қазандығының куаттылығы аз болғандықтан бірнеше үй жылу жүйесіне қосылмай қалған. Сапа Құрылыс компаниясы ның мердігерлер биыл унемделген қаржы есебінен биыл жылу жүйесіне қоспақ болған, алайда ол жұмыс та аяқсыз қалған. Үй тұрғындарының назын жеткізген Владимир Светченко бұл үйде қариялар, мүгедектер, көпбалалы аналар, жағдайы төмен отбастары тұрады, сондықтан олар өз қаржысына жылу жүйесіне қосыла алмайды дейді. Партиялык бақылау бөлімінің мүшелері жергілікті әкімшілік, қалалық құрылыс бөлімі өкілдері мен сөйлесе келе, бұл мәселені назарға алып, үнемі бақылауда ұстайтынын жеткізді. Сондай-ақ, қала және облыс әкімдерінің назарын аудартып, келесі жылы бұл мәселенің толық шешілуіне ықпал етеміз деді.