Қонақүйде кішкентай қызды өлтірген шетелдікке қатысты жаңа деректер мәлім болды – Алматы
Қонақүйде кішкентай қызды өлтірген шетелдікке қатысты жаңа деректер мәлім болды – Алматы
Фото: Дереккөзден алынды
5,205
оқылды
The Sun The Sun басылымы Алматыдағы InterContinental қонақүйінде өзінің бір жарым жасар қызды өлтірген ұлыбританиялық Мохамед Баракаттың фотосын жариялады. Шетелдік басылым оның 22 жастағы әйелі, Қазақстан азаматшасы, Алматы облысының тумасы Мадина есімді қызбен түскен суретін жариялаған. The Sun мәліметінше, Мохамед Баракаттың адвокаты сотта іс «Адам өлімі» бабынан «Абайсызда кісі өлтіру» бабына ауыстыру керегін айтты. Адвокаттың сөзінше, бір жарым жасар қыз әкесі оның үстіне абайсызда құлап, «денесімен басып қалғаннан кейін» қайтыс болған. Егер сот бапты қайта қарастыратын болса, айыпталушы 15-20 жыл аралығына немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылудың орнына үш жылға ғана қамалуы мүмкін. Ал қыздың анасы Мадинаның адвокатының айтуынша, оқиға кезінде қыздың анасы бөлмеде болмаған. «Екеуі ұрысып қалған соң, ол дәлізге шығып кеткен. Ол күйеуі баланы әдейі не абайсызда өлтіргенін білмейді. Шешімді сараптама шығарады», – дейді адвокат Руслан Джанабаев. Адвокаттың сөзінше, Мадина күйеуімен байланыста, оны кез келген жағдайда түрмеге отырғызамын деп ойлап отырған жоқ. Алайда ол күйеуімен кездесе алмай отыр екен. Негізінен, бас жарақаттарын алған қыз баланы құтқару мүмкін болмаған. Еске сала кетейік, оқиға 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айқайлап жылағаны естілген. Оның күйеуі баланы қылғындырып өлтірген. Бас жарақаттарын алған қызды дәрігерлер құтқара алмаған. Күдікті 41 жастағы Мохамед Баракат Лондонда туған. Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тергеуге байланысты қамауға алынған.