"Ойын алаңында бала қайтыс болды": Қазақстандықтар желіде қайтыс болған баланы талқылап жатыр
"Ойын алаңында бала қайтыс болды": Қазақстандықтар желіде қайтыс болған баланы талқылап жатыр
StopFake.kz редакциясына жүгінген оқырман осы видеоны тексеруді сұрады. Кадрларда бірнеше жедел жәрдем бригадасы балалар алаңынан баланы зембілге салып, әкетіп бара жатқанын апаратынын көруге болады. Оқырманның мәліметінше, оқиға Алматыда болған – ағасы інісін таяқпен ұрып өлтірген. Шын мәнінде, бұл кадрлардың Қазақстанға да, Алматыға да еш қатысы жоқ. Қайғылы оқиға осы жылдың 30 қарашасында Мәскеуде орын алған. Екі бала ойын алаңында жүрген, кенеттен олардың бірі құлап, сол жерде қайтыс болады. Бір болжам бойынша, бір бала екіншісіне лақтырған таяқ оның маңдайына тиген. Бірақ ойын алаңында орнатылған бейнебақылау камерасындағы жазбалар бұл болжамды дәлелдеген жоқ. Кадрларда баланың шайқалып, басын ұстап, құлағаны көрінеді. Оған ешкім ештеңе лақтырмаған. Кейіннен дәрігерлер баланың бас миының қан тамырлары ауруынан қайтыс болғанын хабарлады. https://www.youtube.com/watch?v=g82Xkqoh1yY&feature=emb_logo