Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Е.Ертісбаев: Оппозиция 90-жылдардағы ауруынан айыға алар емес

Айхан ШӘРІП
Желтоқсан 3, 2020
Саясат, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан
Оппозиция
1k
қаралым

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап айтқанда, билеуші партия өкілі саналмайтын, оппозициядан сайланған депутаттарды парламенттік тыңдауларда да, бірлескен отырыстарда да ешкім микрофоннан айыра алмайды, міндетті түрде сөз берілуі керек. Олардың Парламент төрінен кез келген мәселені көтеруіне жол ашық.

Өз кезегінде билеуші партия Nur Otan да жүйелі «қайта жандандыру» процесін іске қосып, халық арасынан астарлы ақиқатты, ащы шындықты жеріне жеткізе айта алатын, кешенді мәселелерді көтеруге қабілеті жететін беделді қоғам өкілдерін праймериз арқылы өзінің партиялық тізіміне іріктеп алды. Олардың біразы бұған дейін партияға мүше болмаған, тіпті оны аяусыз сынап келген. Бұл – демократияландыру бағытындағы маңызды қадам. Бұқараға осылайша, Парламентке ең озық өкілдерін жіберуге мүмкіндік берілді.

Саяси ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев zakon.kz ақпараттық агенттігінде жариялаған сараптамасында өзін «конструктивті оппозиция» деп атайтындар ескі дәйектемелерін өзгертпей, әлі күнге соны малданып отырғанына назар аудартты. Әлем де, заман да, ел де өзгерді. Ал оппозиционерлер туындаған кезде-ақ көнеріп қалған «аңыздарға» жабысуын қояр емес.

«Мысалы, былтыр Н.Назарбаев президенттік билікті Қ.Тоқаевқа тапсырғаннан бастап, биылғы күзге дейін олар бір ойды қайталаумен болды: «Парламенттің сайлауы мерзімінен бұрын өтеді». Олар мұның оқиғалардың өрбу қисынына сай келмейтініне де назар аудармады: тіпті Nur Otan-ға ішкі реформаларды және праймеризді өткізу үшін уақыт қажет болатын. Бұған бір жылдан артық дайындалды. Дәл сол сияқты оппозиция Үкіметтің отставкаға кететінін айтумен болды. Соған қарамастан Қ.Тоқаев мемлекеттің институттарға адалдығын сақтады, сайлау конституциялық мерзімінде, яғни 2021 жылы өтеді», – деді Е.Ертісбаев.

ҚТЖ-ның сыртқы қарызы – 1,9 трлн теңге

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Шетелдің дипмиссиясы шекеден қарай ма?

Ол тағы бір «аңызды» еске салды: оппозициялық орта «Назарбаев Президент лауазымына қайта оралады» деп дүркін-дүркін дүрлігіп қояды. Мұны Nur Otan-ның таяудағы ХХ съезі жоққа шығарды: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір-біріне қолдау білдірді, екеуінің де күн тәртібі ортақ екенін анық аңғартты. Партия Төрағасы партиялық істерге күш-жігерін шоғырландырады. Президент болса, жаңа бесжылдық партиялық бағдарламаны өзі ұсынды, елдің алда қалай әлеуметтік-экономикалық дамитынын да баршаға өзі түсіндірді.

«Негізі, билік қуатты болған жағдайда оппозиция күш біріктіріп, ортақ майдан болып күреске шыққаны абзал. Саяси қисын барлық оппозициялық күштерді кез келген шиеленістерін кері ысырып, ортақ мақсат үшін бірігуге итермелеуі тиіс еді. Олай болмады. Оппозицияның дәйектесі біреу ғана: оппозициялық күштердің бірігуіне билік кедергі жасап отыр. Неге ЖСДП әрекеттерінен түк шықпады? Өйткені ол қажетті ресурстарды, соның ішінде қаражатты жинай алмады. Ал материалдық тұғырың мықты болмай, билікке таласың – есіл іс. Бұл – Қазақстандағы наразы күштердің ескі ауруы. Олар онымен 90-шы жылдары да науқастанған. Қазір де айыға алар емес. Мұның себебі, ол өмірмен бірге өзгергісі, жұмыстың жаңа әдістерін үйренгісі келмейді. Салдарынан, олар өз қателіктеріне өзгелерді, сыртқы факторларды кінәлай береді», – деді Ермұхамет Ертісбаев.

Саясаткер әлемдік тәжірибеге сілтеме жасай отырып, билікті күшпен құлату бұқара халықтың тұрмысының құлдырауына, елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауына, тіпті азаматтық соғысқа соқтыратынын еске салды.

«Алайда билік қарсыластарын тыңдасаңыз, олар бір байламды қайталай береді: «революция деген жақсы, бұл әлденені өзгертудің жалғыз мүмкіндігі» дейді. Көрші Қырғыз республикасында ХХІ ғасыр басталғалы үшінші революция болды. Енді бір клан екіншісін төңкеруде. Кезінде «орталықазиялық Швейцария» мәртебесінен үмітті болған ел өзгеден, Ресейден, Қазақстаннан қаржылық, азық-түліктік және дәрі-дәрмектік көмек сұрап, алақан жаюға мәжбүр. Мысалы, Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев қазан айының соңында елімізге көмек сұрай келді. Мемлекеттік институттар әлсіреген шақта төл қарулы күштері бар элементтер, көбіне қылмыстық топтар үстемдікке ие болады. Осыны ұмытпайық!» – деді Ермұхамет Ертісбаев.

 
Тегтер: 90-жылдарЕрмұхамед Ертісбаевоппозицияпарламент
Алдыңғы жаңалық

«Ойын алаңында бала қайтыс болды»: Қазақстандықтар желіде қайтыс болған баланы талқылап жатыр

Келесі жаңалық

Ғалымдар коронавирус адамды тез қартайтады деп есептейді

Ұқсас жаңалықтар

астролог
Жаңалықтар

Астролог ақпанда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты

Қаңтар 28, 2021
полиция
Жаңалықтар

Полиция қызметкері 12 жылға сотталды

Қаңтар 28, 2021
Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасын қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасын қабылдады

Қаңтар 28, 2021
Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді
Жаңалықтар

Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Қаңтар 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астролог ақпанда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты

Қаңтар 28, 16:57

Полиция қызметкері 12 жылға сотталды

Қаңтар 28, 16:24

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасын қабылдады

Қаңтар 28, 16:10

Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Қаңтар 28, 15:58

Павлодар облысында демалыс күндері қатаң карантин жарияланды

Қаңтар 28, 15:45

Қуат Хамитовке үкім шықты

Қаңтар 28, 15:10

Қазақстандық ғалым коронавирусты 7 минутта анықтайтын тест ойлап тапты

Қаңтар 28, 14:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

астролог

Астролог ақпанда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты

Қаңтар 28, 2021
полиция

Полиция қызметкері 12 жылға сотталды

Қаңтар 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»