410 мың жас жеткіншек қамауда отыр
410 мың жас жеткіншек қамауда отыр

Әлемде 7 миллион бала бостандығынан айырылып отыр. Бұл жөнінде baq.kz жария етті.

Оның 410 мыңы жас жеткіншек түрмелерде, зорлық атаулыны әдетке айналдырған тергеу изоляторларында қамауда отыр. Соның көпшілігіне қыдырымпаз, үлкендерді тыңдамады, спиртті ішімдік ішті деген айып тағылған. Миллион бала полицей учаскелерінде. Жыл сайын 80 елде 330 мың бала мигранттар орталығына түседі. Тағы бес миллионнан астам бала түрліше жабық типтегі мекемелерде жүр. 

БҰҰ өкілдері соңғы кезде қарулы қақтығыстарға байланысты түрмеге түскен жасөспірімдердің көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қағып отыр. Бүгінде түрмедегі, иммигранттарды ұстап отыру орталықтарындағы және басқа да осы тақылеттес жабық мекемелердегі балалардың жалпы саны жеті миллионға жеткен.