Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Қаладан ауыл жасау заңы қабылданды

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 4, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
заң
182
қаралым

Аутсорсинг компания жұмыскерлерінің құқықтары енді штаттағы негізгі қызметкерлермен теңеседі. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Сенат депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бірден екі оқылымда қабылдады. Бұл заңға депутаттардың өзі бастамашы болды.

Құжат аутсорсинг ком­пания жұмыскерлерінің еңбек құқығын қорғауға, олар өндіріс кезінде жарақат алса немесе соған байла­нысты қайтыс болса, өте­мақы төлеуге және оларға әлеу­меттік сақтандыру жүйесіне қа­тысуға мүмкіндік береді. Бұған дейін мұның ешқайсысы бол­маған.

– Еңбек мәселесі қашанда өте маңызды. Сондықтан бұл саланы заң­­мен қорғау үшін әрдайым нақ­­ты қадамдар жасалып келеді. Соның бірі – бүгін қабылданып отырған заң, – деді Мәулен Әшім­баев.

Осыған орай, Еңбек кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Соған байланысты аутсорсинг ком­пания жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу кезінде кемсі­тушілікке тыйым салынады. Сондай-ақ қо­сымша жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, жоғарылатылған жалақы, ауыр, зиянды және қауіп­ті жұмыс істейтін аут­сорсингтік компания қыз­мет­керлері үшін қысқартылған жұмыс уақыты қарастырылған. Бұдан бөлек, Аза­маттық, Кә­сіпкерлік ко­декстер мен бір­қатар заңға түзе­тулер ен­гізу көзделген.

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Тағы бір қалада карантин күшейтілді

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Сонымен қатар отырыс бары­сында сенаторлар «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. Ол әкімшілік-аумақтық құрылыс саласына қатысты заң­намаларды жетілдіруге ар­налған. Жоба Үкіметке қалалардың мәр­тебесін ауылға өзгерту мәселесін қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізу үшін өкілетті және атқа­рушы органдарға құзырет беру тетіктерін қарастырады.

– Осы құжат Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы ту­­­­­­­ралы заңнаманы жетілдіруді көз­дейді. Алдағы уақытта бұл заң елді мекендерді әлеуметтік-эко­номи­калық тұрғыдан дамытуға және тұрғындардың өмір сүру са­пасын жақсартуға ықпал етеді деп се­неміз, – деді Сенат Тө­рағасы.

Сенат отырысында депутаттар Жоғарғы сот судьяларын сайлау және қызметтен босату туралы мә­селені де қарады. Ел Прези­ден­тінің ұсынуы бойынша Сәкен Абдолла және Мәдениет Омар­бекова Жоғарғы сот судьялары болып сайланды. Жаңадан сай­ланған судьялар ант берді. Се­наторлар Мемлекет басшы­сы­­ның ұсынуына және Конс­титу­­цияға сәйкес Гахарман Дүй­сен­­баевты Жоғарғы сот судьясы қыз­­­­­метінен босатты.

Елдос СЕНБАЙ

 
Тегтер: ауылзаңқалаМәулен ӘшімбаевСенат
Алдыңғы жаңалық

Адольф Гитлер билікке келді

Келесі жаңалық

Nur Otan»-ның партиялық тізімін тіркеді

Ұқсас жаңалықтар

тұрмыстық зорлық - Жәмилә Нұрманбетова
Nur Otan

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Қаңтар 21, 2021
Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар

Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қаңтар 21, 2021
8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды
Жаңалықтар

8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды

Қаңтар 21, 2021
өңір
Жаңалықтар

Тағы бір қалада карантин күшейтілді

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Қаңтар 21, 19:38

Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қаңтар 21, 19:20

8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды

Қаңтар 21, 18:57

Тағы бір қалада карантин күшейтілді

Қаңтар 21, 18:32

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Қаңтар 21, 17:55

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Қаңтар 21, 17:43

Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Қаңтар 21, 17:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

тұрмыстық зорлық - Жәмилә Нұрманбетова

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Қаңтар 21, 2021
Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»