Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрлігінің осы жылдың басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары, соның ішінде өзге елдермен екіжақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық ұйымдар аясында өткізілген халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін сыртқы саяси іс-шаралар кестесі пысықталып, өңірлік күн тәртібіндегі мәселелері талқыланды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Сыртқы істер министріне еліміздің стратегиялық әріптестерімен екіжақты іс-қимылдарды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.