Маңызды мәселелер қаралды
Маңызды мәселелер қаралды

«Nur Otan» партиясы  Ал­ма­ты облыстық филиалы жа­нын­дағы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жөнін­дегі қоғамдық кеңестің оты­рысы өтті. Жиынға қо­ғам­дық кеңес мүшелері, об­лыстық басқарма бас­шы­лары, партия мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Өңірлерді дамыту бағдарламасының Алматы облысында орындалу барысы жайлы басқарма бас­шысы, партия мүшесі Ж.Әмір­ха­новтың баян­дамасы тыңдалды. – Соңғы 5 жылда өңірдің эко­номикасы 1,6 есеге өсіп, 3 трлн теңгеге жетті. Бюджетке түсім жарты триллион теңгеден асты, ал инвестиция көлемі – 511 млрд тг болды. Аграрлы-индустриялық аймаққа көшіп, өнеркәсіптің өңделуі 87 пайыз болып отыр. Мұнда елеулі жұмысты 9 транс­ұлттық компа­ния алып отыр. Олар төрт мың­нан аса жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы инвестициясы 165 млрд. тг құйып отыр – деді ол. Отырыста кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі, «Nur Otan» партиясы  Алматы об­лыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңе­сінің атқарған жұмысы туралы сұрақтар қаралды. Жиын соңында кеңес мүшелері шешім қабылдап, тиісті басқарма басшыларына ұсыныстар жол­данды.

Әбілмансұр ЖАСАН