«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары, партия мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Өңірлерді дамыту бағдарламасының Алматы облысында орындалу барысы жайлы басқарма басшысы, партия мүшесі Ж.Әмірхановтың баяндамасы тыңдалды. – Соңғы 5 жылда өңірдің экономикасы 1,6 есеге өсіп, 3 трлн теңгеге жетті. Бюджетке түсім жарты триллион теңгеден асты, ал инвестиция көлемі – 511 млрд тг болды. Аграрлы-индустриялық аймаққа көшіп, өнеркәсіптің өңделуі 87 пайыз болып отыр. Мұнда елеулі жұмысты 9 трансұлттық компания алып отыр. Олар төрт мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы инвестициясы 165 млрд. тг құйып отыр – деді ол. Отырыста кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің атқарған жұмысы туралы сұрақтар қаралды. Жиын соңында кеңес мүшелері шешім қабылдап, тиісті басқарма басшыларына ұсыныстар жолданды.Әбілмансұр ЖАСАН