SPA салонның төбесінде алып жылан өмір сүрген (видео)
SPA салонның төбесінде алып жылан өмір сүрген (видео)

Алып жылан салонның төбесінде 10 жыл бойы өмір сүрген екен.

Daily Mail-дың хабарлауынша, оқиға 12 қараша күні Фошань қаласында болған. Жылан SPA салонның төбесінен құлап түскен. Оны сол салонның қызметкері көрген. Зардап шеккендер жоқ.

Полиция қызметкерлері жыланды ұстап, зообаққа өткізген. Жыланның ұзындығы – 4 метр, ал салмағы – 19 келі. Зоологтардың айтуынша, жылан сол төбеде өмір сүріп, тышқандармен қоректенген.

Ең қызығы жыланның ойын-сауық орталығына қалай кіргені белгісіз. Салон қожайыны ғимаратта жылан барын осыдан он жыл бұрын естігенін айтады. Ал 3 жыл бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлер жыланды көргенін айтқан.