35 жастағы марқұмның жақындары, құрылыс алаңында сақтық шаралары сақталмағанын айтып отыр.
Қайғылы оқиға осыдан тура бір ай бұрын болған. Құрылыс алаңындағы жұмысшы 10 метр биіктіктен құлапты. Жедел ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде 10 күн жатып, ес жимастан көз жұмған. Марқұммың туыстары осылай деді. Олар белді құрылыс компаниясының сақтық шараларын сақтамағын айтып, шара қолдануды сұрайды. Қайғыдан қан жұтқан марқұмның зайыбы, күйеуінен қапыда айырылғанына әлі күнге дейін сене алар емес. Құрылыс компаниясында 7 жыл жұмыс істегенін айтады. Бірақ еңбегін елеп, кешірім де сұрап жұмыс берушілердің келмегеніне ашулы. «Базис» компаниясы келіп жағдай да сұрамаған. Полиция департаменті қылмыстық істің тіркелгенін хабарлады.Салтанат Әзірбек мұндай істің кем дегенде 2 айдан 6 айға дейін тергелетінін де айтып өтті. Ал қара жамылған отбасы істі аяғына дейін тергеліп, жауаптылардың жауапқа тартылуын талап етпек. Марқұмның артында қалған келіншегі мен кәмелет жасына толмаған екі баласына өтемақы өндіріп беруді сұрайды.Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі: «Қазіргі таңда қылмыстық істің аясында тиісті сараптамалық зерттеулер және процессуладық әрекеттер жүзеге асырылуда. Сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде сот медициналық сараптама. Барлық куәгерлер сұрақ-жауап процедураларына қатысуда», – дейді.