Ұлымен 25 жылдан соң табысқан ана

Ұлымен 25 жылдан соң табысқан ана

Күйеуіне баласын қалдырып кеткен ана, оны 25 жылдан кейін көрісетінін білмеген. Келіншек сол қадамын, өміріндегі ең үлкен қателік деп есептейді.

Шымкенттік Тамархан Кенженханова ұлының әкесі Маратпен 1985 жылы кездескен. Ол кезде Тамархан бар-жоғы 18 жаста еді. 

Өкінішке қарай, ерлі-зайыпты біраз уақыттан кейін ажырасып кетті. Сол уақытта Тамархан жүкті болған. Арада бес жыл өткен соң, жолдасы Марат отбасылық өмірді басынан бастамақшы болып, қайта қосылады. Алайда екеуі тіл табыса алмайды. 

https://youtu.be/lKDmFzvj2wE

Сол аралықта Марат бұрынғы келіншегін досы Сергеймен таныстырады. Сөйтіп, екеуі тіл табысып, Омбы облысы Орловка ауылына көшіп кетеді. 

Алғашқы жалақысын алған соң,Тамархан баласын жолдасына қалдырып, Шымкентке құжатын жасатуға кетіп қалады. Ауылына қайтып келгенде үйінде жолдасы да, баласы да болмай шығады. 

Ұлы Әлішердің айтуынша, өгей әкесі оны Новосібірге алып кеткен. Сол жақта олар теміржол бекеттерінде түнеп жүрген. Сондай күннің бірінде өгей әкесі ұшты-күйлі жоғалып кеткеді. Сөйтіп, ол балалар үйіне түседі. 

 "Анамды күтемін, ол мені алып кетеді" деп өзін асырап алғысы келген ерлі-зайыптылардан Әлішер бас тартқан. Қазір ол Омскіде әскери борышын өтеуде.