Алтайлықтар қоныстойын тойлады
Алтайлықтар қоныстойын тойлады
176
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі К.Байгонусов көпбалалы отбасыларға жаңа үйлердің кілтін тапсырды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған үйлер Тұңғыш Президент күні өз иелерін тапты.

Алтай Мереке қарсаңында  жаңа баспанаға қол жеткізген 6 көпбалалы отбасының қуанышында шек жоқ. Аудан баспаналы болған тұрғындарды мерекемен және  жаңа қоныстарымен құттықтады. Әрі  тұрғын үйлерді салған құрылысшыларға алғыс білдірді. Ал баспаналы болған тұрғындар  бірінші кезекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, оның саясатын жалғастырып келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Д.Ахметовке айрықша разы екенін білдірді. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасының ауданда  жүзеге асырылуын бақылап,  тұрғын үй иесін табуына ықпал еткен аудан әкімі К.Байгонусовқа да  жаңа қонысқа көшкен отбасылар дән риза. Аудан әкімі  жаңа  баспана алатындар қатары Тұңғыш Президент күні қарсаңында қуанышқа кенелген отбасылармен шектелмейтінін атап өтті. Алда Тәуелсіздік  күні мерекесі қарсаңында  ауданда  тағы 8  көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс ету жоспарланған. Сөйтіп, биыл салынған 14 үй иелерін таппақ.  Келесі жылы  Алтай қаласында  тағы 40 үй салынатыны жоспарланған,  одан бөлек Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінде көпбалалы отбасылар үшін  10 үй салу көзделіп отыр.

А.СҰЛТАН