Жаңаөзенде инкассаторға шабуыл жасап, үш қап ақшаны тонап кетті – видео
Жаңаөзенде инкассаторға шабуыл жасап, үш қап ақшаны тонап кетті – видео

«Кейбір дереккөздің мәліметінше Жаңаөзенде 3 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:40-та «Көктем» ықшамауданында орналасқан «Сбербанк Қазақстан» АҚ еншілес банкінің №2 бөлімшесінде инкассация кезінде төрт адам инкассатор көлігіне пышақпен шабуыл жасады» делінген хабарламада.

«Күдіктілер жалпы сомасы – 62 532 542 теңге, 19 696 доллар , 495 450 ресей рублін құрайтын үш қап пен Kaspi мультикассетасын алып кеткен. Инкассатор жүргізуші шабуыл жасаған ақ Nexia көлігіне бес рет оқ атқан. Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы «Ұстау» жоспарын жариялады» деп хабарлады Yedilov online телеграм-каналы. https://www.youtube.com/watch?v=cdsxAe7xGas&feature=emb_logo&ab_channel=%D0%9D%D1%83%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%A1%D0%B0%D0%BB%D0%B8