Әкімдік қардың үстіне төселген асфальтке қатысты мәлімдеме жасады
Әкімдік қардың үстіне төселген асфальтке қатысты мәлімдеме жасады
116
оқылды

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша,  биыл 27 қарашада қоғамдық бақылау аясында облыстың арнайы бақылау тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері облыстық жолдардың үш учаскесін тексеріп шықты.

«Бақылау тобы кепілдік міндеттемелер аясында мердігерлер жоятын кейбір кемшіліктерді қоспағанда, көрсетілген учаскелерде елеулі ереже бұзылғанын анықтаған жоқ. Барлық қабылданған учаскеде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ЖШС өкілдері мердігерлердің ескертулерді жою бойынша жұмысын бақылайды. Айыртау ауданы Каменый Брод ауылының маңындағы жол учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальт төсеу дерегіне қатысты осы учаскедегі барлық жұмыс толық көлемде және құрылыс нормаларын сақтай отырып, оң температуралық режимде шартта белгіленген мерзімде орындалғанын түсіндіру қажет» делінген басқарманың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Astana телеарнасы қардың үстіне асфальт төселгенін хабарлаған болатын.

  https://youtu.be/kVDYvUku084