Алматы қалалық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова брифинг барысында балабақшалардағы орын тапшылығы туралы айтты.
«Алматы балабақшаларына 1-6 жас аралығында 45 026 бала кезекте тұр. Оның ішінде 20 637 баланың жасы 3-6 аралығында», – деді Гүлнар Қожабергенова.
Басқарма басшысының айтуынша, 2019 жылы Алматыда – 560 орындық 3 мемлекеттік балабақша, 2618 орындық 113 жекеменшік балабақша ашылды. Одан бөлек 640 баланы оқытуға мүмкіндік беретін 4 мемлекеттік балабақша ғимараты салынып жатыр.