Қазақстан азаматтығын алуға қанша шетелдік ниет білдіріп отыр?
Қазақстан азаматтығын алуға қанша шетелдік ниет білдіріп отыр?

ҚР Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті,– деп хабарлайды Ақорда.

Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шет елдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкілдерінің еліміздің азаматтығын қабылдау туралы ұсынысы енгізілді. Сонымен қатар көші-қон саясатының басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.