Ақтаулық өрт сөндірушілер халықаралық #AccessToRescue Challenge-не қосылды
Ақтаулық өрт сөндірушілер халықаралық #AccessToRescue Challenge-не қосылды
5,119
оқылды

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі шетелдік әріптестерінің әлеуметтік желілерде бастаған халықаралық шақыруын жалғастырды,–деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары арнайы жабдықтарын асынып, өрт сөндіру баспалдақтарының арасынан өту жаттығуына қосылды.

– Аталған сынаққа құтқарушылар Жәнібек Құлашатов, Ұлықбек Мұратбек, Мәжит Шайхынов, Қуаныш Теңгелбаев қатысты. Олар физикалық жаттығуларды толық өткізді. Жаттығу кез-келген төтенше жағдайларға икемді әрі дайын болуға бағытталған. Себебі, адамдарды өрттен құтқару үшін сіз көптеген кедергіден өтуіңіз керек, – деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

https://youtu.be/Co2XZ_cpd2Q