Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан: нұротандықтар жұмысшылардың құқығын қорғау мәселесін көтерді

Осы жылдың 11 айында басқарма тарапынан 925 азаматтың арыз-шағымы қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілген.

Элмира Жақсыбайқызы
Желтоқсан 4, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan
Түркістан
137
қаралым

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы өңіріміздегі кәсіподақтар активінің мүшелерімен кездесті. Отырыс барысында өңір азаматтарының еңбек құқығы мен әлеуметтік қорғалу жайы талқыланды.

Азаматтардың еңбек құқығы туралы Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысы Берік Ибадуллаев баяндама жасады. Оның айтуынша, осы жылдың 11 айында басқарма тарапынан 925 азаматтың арыз-шағымы қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілген. Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 247 тексеру жүргізіліп, 260 заңбұзушылық анықталыпты. Анықталған заң бұзушылықтардың ішінде 247-сі жойылып, заңға сәйкестендірілген. Сондай-ақ еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 2 598 660 теңге көлемінде 41 айыппұл салынған. Оның ішінде «ескерту» түрінде 17 әкімшілік іс қозғалыпты.

«Биыл қаңтар-қараша айларында облыс мекемелері мен кәсіпорындарында жалақыны заңмен белгіленген мерзімнен кешіктіріп төлеген 6 жағдай анықталды. Осыған байланысты жұмыс берушілерге нұсқамалар беріліп, 553 695 теңге көлемінде 6 әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 2019 жылдан қордаланған және өтпелі жалақы қарызы бар 2 кәсіпорында 21 жұмыскер алдында 41,5 млн  теңге жалақы қарызы қалып отыр», – деді Берік Серікбайұлы.

Түркістан: нұротандықтар жұмысшылардың құқығын қорғау мәселесін көтерді

Облыс кәсіпорындарында 2020 жылдың 11 айында 53 жазатайым оқиға болып, 76 адам зардап шеккен. Отырыс барысында басқарма басшысына сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды. Өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қайнар Абасов пен «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Мұрат Төлтебаев азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік қорғалу жайы жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе, пандемия кезінде жаппай жұмыссыздықты болдырмау, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек шарттарының бұзылмауын қадағалау, қоғамдық жұмыспен қамтуға бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына маниторинг жүргізу қажеттігіне тоқталды.
Мәжілісті қорытқан «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға жалақысын ала алмай жүрген азаматтардың өтінішін дер кезінде қарауға мән беруге шақырды.

Nur Otan партиясы өңірлерді дамытуға арналған бағдарламасын бекітті

«Nur Otan» партиясы азаматтарды онлайн қабылдайды

Тұрғындарды онлайн қабылдады

«Пандемия кезеңінде қаншама өңір тұрғындары табыссыз қалды. Осыны ескере отырып, биыл партияның «Біргеміз» қоры арқылы Түркістан, Кентау қалалары мен облыс аудандарының әлеуметтік аз қамтылған 38 мыңнан астам отбасына 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Дегенмен бұл қолдаулар әлі де болса, жеткіліксіз екені даусыз. Сондықтан еңбек инспекциясы мен әлеуметтік салаға жауапты басқарма жұмыссыз қалған әрбір тұрғынның арыз-шағымдарын дер кезінде қарап, қолдау білдіруі тиіс»,– деді.

Жиын соңында жарыссөзге шыққандар еңбек құқығын қорғау мақсатында барлық мекемелерде кәсіподақ құру, оны міндеттеу қажеттігін де көтерді. Мәселен кейбір құрылыс жұмыстарында кәсіподақтар құрылмаған. Алдағы уақытта партия филиалы мен депутаттық фракция тарапынан тиісті топтар құрылып, бұл бағыттағы мәселелер назарда болады.

 

 
Тегтер: Nur Otanжұмысшылар құқығыТүркістан облыстық мәслихаты
Алдыңғы жаңалық

Азаматтардың еңбек құқығын қорғау мәселелері талқыланды

Келесі жаңалық

Елордада бейтаныс адамға шабуыл жасаған үш жасөспірім ұсталды

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан 16 жастағы қыз бала қайтыс болды

Қаңтар 28, 2021
рейтинг
Жаңалықтар

Қазақстан жемқорлықпен күрестің әлемдік рейтингісінде бірден 19 сатыға жоғарылады

Қаңтар 28, 2021
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады

Қаңтар 28, 2021
Жаңа пандемия басталуы мүмкін – ДДСҰ
Жаңалықтар

Жаңа пандемия басталуы мүмкін – ДДСҰ

Қаңтар 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирустан 16 жастағы қыз бала қайтыс болды

Қаңтар 28, 18:38

Қазақстан жемқорлықпен күрестің әлемдік рейтингісінде бірден 19 сатыға жоғарылады

Қаңтар 28, 18:05

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады

Қаңтар 28, 18:02

Жаңа пандемия басталуы мүмкін – ДДСҰ

Қаңтар 28, 17:51

300 миллион теңге қарыз: Көкшетауда жаңадан ашылған модульдік аурухана дәрігерлері жалақыларын ала алмай жүр

Қаңтар 28, 17:28

Астролог ақпанда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты

Қаңтар 28, 16:57

Полиция қызметкері 12 жылға сотталды

Қаңтар 28, 16:24
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус

Қазақстанда коронавирустан 16 жастағы қыз бала қайтыс болды

Қаңтар 28, 2021
рейтинг

Қазақстан жемқорлықпен күрестің әлемдік рейтингісінде бірден 19 сатыға жоғарылады

Қаңтар 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»