Төрт өңірде ескерту жарияланды

Төрт өңірде ескерту жарияланды

Еліміздің кей облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі. 4-5 желтоқсан күндепі Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма ауылында 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. 5-6 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Петропавл қаласында 5-6 желтоқсанда тұман болуы мүмкін. Ауа райы болжамының дәлдігі – 90-95%. 5 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі – 85-90%. 5 желтоқсанда Түркістан облысында тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Ауа райы болжамының дәлдігі – 90-95%.