Актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш шаңырақ көтерді
Актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш шаңырақ көтерді
Актер Жахан Отарғалиев пен әнші, КешYOU тобының экс-солисі Балжан Бидаш некесін қиды. Бұл қуанышты хабарды актер Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Аллах некемізді хайырлы етсін. Ал құттықтасаңыздар болады жанашыр достар», – деп жазды ол. Бір қызығы, актер Балжанды сырттай ғана таниды екен. «Екеуіміз бір жерде жүрсек те кездеспегенбіз", – дейді. [caption id="attachment_92600" align="alignnone" width="720"]шаңырақ Фото: ашық дереккөзден[/caption] Әнші Балжан Бидаш та қуанышты жаңалықпен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, ⠀"Енді ресми түрде құттықтасаңыздар болады! Пранк емес. Стамбұл бізді табыстырды. Алла некемізді мәңгілік еткей", – деп жазды.
Айта кетейік, Жахан Отарғалиев "Свадьба КЗ", "Кино по понятиям", "Красавчики до нашей эры", "My love is Aisulu", "Uilenu kerek", "Любовь на миллион" фильмдерінде ойнаған. Вайн түсірумен де айналысады. Ал КешYOU тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш бүгінде жеке әнші. ⠀