Көңіл айту
Көңіл айту
5,179
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянға көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткері Шейх Сұлтан бен Заид әл-Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алып, оның бауыры, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянға көңіл айту жедел­хатын жолдады.

Жеделхатта Шейх Сұлтан өз өмірін Әмірліктердің, оның халқының мүддесін қорғауға және қызмет етуге риясыз ар­нағаны баяндалған. Сонымен қатар Қазақстан халқы Шейх Сұлтан әл-На­хаян­­ды парасатты азамат, жоғары беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты ны­ғайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым жадында сақтайтыны айтылған.

«Осындай сын сағатта орны толмас ауыр қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз тарапымнан Сізге және бүкіл Әмірліктер халқына қайғыра көңіл айта­мын» делінген жеделхатта.