Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілуде

«Кедергісіз келешек» пар­тиялық жобасы аясында Қы­зылорда қаласындағы мүге­дектігі бар жандар арасында кездесу ұйымдастырылды.

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 5, 2020
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
көмек
24
қаралым

Жиынға қатысушы азаматтар қоғамдық жұмыстарға араласу, жеке кәсіппен айналысу және әлеу­меттік көмек көрсетуге бағыт­талған ұсыныстарын айтып, та­қырып аясындағы пікірлерін орта­ға салды. Кездесуде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қала көлеміндегі мүмкіндігі шек­теулі жандарға көрсетілетін негізгі көмектерге тоқталып, оларға әр­дайым қолдау көрсетілетінін тілге тиек етті.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар­дың қолайлы өмір сүруі үшін олар­дың ұсыныс-пікірлері әрқашан назарға алынуы тиіс. Бүгінгі кез­десудің негізгі мақсаты – осы. «Мү­гедектерді жеке оңалту» бағ­дар­­ламасына және «Кедергісіз ке­лешек» жобасына сәйкес, жыл ба­сынан бері қала және қалаға қа­расты ауылдық округтерде тұ­ратын жандарға тиесілі жан-жақты көмек көрсетілуде, – деді Шәріп Әбдірахманов.

Атаулы күн қарсаңында өткен кездесуге қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндіктер мен қолдауларды, қоғам тарапынан көрсетілетін негізгі қамқорлық бағыттағы жұ­мыстарды жоғары деңгейде деп бағалады. Жиында сөз алғандар мүмкіндігі шектеулі жандарға тие­сілі мәселелерді назардан тыс қал­дырмай, қол ұшын созып жүрген­дерге алғысын жеткізді. Сондай-ақ кездесуге келгендер қайсар жан­дарға тілектестігін білдірді.

Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен «Халықаралық мүгедектер күні» 1992 жылдан бас­тап атап өтілуде. Қоғамда мүмкін­дігі шектеулі азаматтардың құқық­тарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс­тарға баса назар аударуды мақсат етеді. Мәселен, Қызылорда қала­сында мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша қаланың ауылдық округ­тері мен кенттерінде аула клубтары, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпараттық-технологиялық сауат­тылығын ашу мақсатында шағын компьютерлік орталықтар өз жұ­мы­сын жалғастыруда. Айта кетер­лігі, Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектер саны – 12 645 адам, оның ішінде 1, 2-топ – 6 202, 3-топ – 4 167 және 2 276 – мүгедек балалар.

Азаматтарды қабылдау жалғасуда

Қарағандыдағы Miras кеңесі

Азаматтардың сауалына жауап берді

Әбілмансұр ЖАСАН

 
Тегтер: «Кедергісіз келешекNur Otanжобакөмекмүмкіндігі шектеуліпартия
Алдыңғы жаңалық

Рейдерлікпен күресті күшейтпек

Келесі жаңалық

Аңғалдығы миллион жинағынан айырды

Ұқсас жаңалықтар

тұрғын
Жаңалықтар

АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
Франция
Жаңалықтар

Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды

Қаңтар 23, 2021
СҚО
Қазақстан

СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар 23, 2021
қыс, ауру
Жаңалықтар

Қыста асқынатын аурулар: қалай сақтану керек?

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 18:50

Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды

Қаңтар 23, 18:26

СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар 23, 17:41

Қыста асқынатын аурулар: қалай сақтану керек?

Қаңтар 23, 17:22

Қызылордада көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 17:14

Гонконгта 10 мың тұрғын карантинге жабылды

Қаңтар 23, 16:47

Алматыда карантин талаптарын бұзған 18 нысанның қызметі тоқтатылды

Қаңтар 23, 16:24
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

тұрғын

АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
Франция

Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»