Коллекторларға жаңа заң арналады

Коллекторларға жаңа заң арналады

Мәжіліс  микроқаржы және коллектор қызметтеріне қа­тысты жаңа заң жобасын қа­райды. Мәжіліс Спикері Нұр­лан Нығматулиннің төра­ға­лығымен палатаның бю­росы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәр­тібінің жо­басы қалып­тастырылды.

Келесі сәрсенбідегі жиында депутаттар қарауына мик­ро­қар­жылық және коллекторлық қыз­метті реттеу мәселелеріне қа­тыс­ты заң жобасы бірінші оқы­лымда ұсынылмақ. Бұған қоса ха­лық­аралық келісімдерді рати­фи­кациялайтын заң жобалары да қаралады деп күтілуде. Олардың қатарында Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы «ЮНЕСКО аясында мәде­ниет­терді жақындастырудың ха­лықаралық орталығын құру туралы», сондай-ақ Қазақстан мен Грузия ара­сын­дағы халық­аралық авто­мобиль қатынасы туралы келі­сімдер бар. Екінші оқылымда депутаттар техникалық реттеу және жол жү­рісіне қатысты заң жобаларын тал­қыламақ. Бұдан бөлек, дене шынықтыру мен спорт жөніндегі заңнамалық түзетулерді қарайды деп жоспарлануда. Депутаттық корпусқа мемлекеттік басқару дең­гейлері арасында өкі­леттік­терді қайта бөлу, отбасылық және ген­дерлік саясат мәсе­лелеріне қа­тысты заң жобаларымен жұ­мысты жал­ғастыру ұсынылады. Сонымен қатар Мәжіліс Еу­разиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнім­деріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қа­ғи­даттары туралы келісімді ра­тифи­кациялау туралы заң жо­басын жұмысқа қабылдап, ол бойынша бейінді комитеттің қорытынды әзірлеу мерзімін бе­кітеді.

 А.ШӘРІП