Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

ОСК сенімді өкілдер мен байқаушылар қызметін түсіндірді

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 5, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
ОСК
16
қаралым

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі науқан шеңберінде Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында ADAL және «Ақ жол» партияларының  партиялық тізімін тіркеу, сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша баяндама жасаған Ортсайлауком мүшесі Асылбек Смағұлов 2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Орта­лық сайлау комиссиясына ADAL саяси партиясы мен «Қа­зақ­станның «Ақ жол» демо­кратиялық партиясының Қа­зақстан Парла­менті Мәжілісі депута­ттарының сайлауына кан­дидаттар ұсыну туралы құ­жат­тарының тапсы­рылғаның ха­бар­лады.Оның ай­туынша, ADAL саяси пар­тия­сының партиялық тізімінде 16 адам бар. Оның ішінде 5 әйел адам және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдар, бұл – тізімге енгізіл­гендердің жалпы санының 31,2 пайызы. Ал «Ақ жол» демо­кра­тиялық партиясының пар­тиялық тізімінде 38 адам бар. Оның 14-і – әйелдер және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдар, бұл – тізімге енгізілгендердің жалпы санының 36,8 пайызы.

Ал сайлау процесіне қаты­су­шылардың жекелеген санат­та­рының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері бойынша баяндама жа­саған Ортсайлауком мүшесі Серік Сыдықов өкілеттіктерді іске асыру, сондай-ақ сайлау процесіне қаты­сушыларды тіркеу мәсе­лелерін түсіндірді. Ол сенім біл­дірілген адам­дар, саяси пар­тиялардың, өзге де қоғамдық бір­лестіктер мен ком­мерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бай­қаушылары, қа­зақстандық және шетелдік бұ­қаралық ақпарат құ­рал­дары өкіл­дерінің сайлау ке­зін­дегі қызметі жайлы айтты. Оның ай­­туынша, кандидаттардың, пар­тия­лық тізімдерін ұсынған саяси пар­тиялардың өздеріне сайлау нау­қа­нын жүргізуге көмектесетін, сай­лау алдындағы үгітті жүргізетін, канди­даттардың, саяси пар­тия­лар­дың мүдделерін білдіретін се­нім біл­дірілген адамдары бо­луына құ­қылы.

Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар сенім білдірілген адамдарын өз қалауы бойынша тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын мөлшерде белгілеп, олар туралы тіркеу үшін тиісті сайлау комиссиясына хабарлайды. Ал сенім білдірілген адам ел азаматы болуы тиіс және қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, мемлекеттік саяси қызметші лауа­зымындағы адам сенімді өкіл бола алмайды.

Miras-тың жиынында аймақтағы мәдени саланы дамыту мәселесі талқыланды  

Парламентке өту межесі

Ұсыныс пен тапсырыс көп

Ал байқаушыларға келсек, дауыс беруге арналған үй-жайда (үй-жайдан тыс) дауыс берудің өткізілуін, дауыстарды санауды, сондай-ақ аумақтық сайлау ко­миссиясының (Парламент Сена­тының депу­таттарын сайлау ке­зінде), учаскелік сайлау ко­мис­сиясының шешімдері мен әре­кеттерін байқауды жүзеге асыратын Қазақстан азаматы бай­қаушы болып есептеледі. Дауыс беру күні тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесінде бір мез­гілде әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бір­лестігінен, ком­мер­циялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан қатысуға құқылы.

Өз баяндамасы аясында Се­рік Сыдықов дауыс беру күні фото, аудио және бейнежазбаны жүзеге асыру бойынша байқаушылар құқығының ерекшеліктеріне тоқ­талды.

«ҚР-дағы сайлау туралы» Кон­ституциялық заң ұлттық бай­қаушыларға дауыс беру ба­рысына және оның қоры­тын­дыларын шығаруға кедергі кел­тірмей, фото, аудио және бей­нежазбалар жасау құқығын береді. Бірақ мұндай жазбалар жасау дауыс беру құ­пиясын сақтауға кедергі келтірмеуі тиіс. Әрі сайлау учаскелерінен онлайн-бейне­трансляция жүргізуге бол­майды.

Шет мемлекеттер мен ха­лық­аралық ұйымдардың бай­қау­шылары Сыртқы істер ми­нистрлігі берген аккредиттеу туралы куәлік болған кезде сай­лауды байқауды жүзеге асыра ала­ды. Сонымен қатар ше­телдік журналистер мен байқау­шылар қастарына аудар­машы ертіп жүруге құқылы.

Бір сөзбен айтқанда, ОСК оты­рысында Серік Сыдықов сай­лау кезіндегі байқаушылар мен БАҚ қызметі жайлы толық баяндап берді. Оның сөзіне қарағанда, 2 желтоқсандағы жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігі жа­нында тұрақты негізде 39 шетелдік масс-медианың 166 өкілі тіркелген.

А.СҰЛТАН

 
Тегтер: AdalАқ жолбайқаушыларОСКсайлаусенімді өкілдер
Алдыңғы жаңалық

Мемлекеттік бағдарламалардың насихаты күшейеді

Келесі жаңалық

Кәсіподақ жетекшілерімен кездесті

Ұқсас жаңалықтар

хирург
Жаңалықтар

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 2021
Николай Чеботько
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 2021
Тұраров
Жаңалықтар

Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Қаңтар 24, 2021
дауыл
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 23:51

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 23:29

Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Қаңтар 24, 22:47

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 24, 22:04

Қоршаған ортаны тазарту технологиясын жасағандарға 100 миллион доллар беріледі

Қаңтар 24, 21:41

Бірнеше өңірде тасжолдар ашылды

Қаңтар 24, 21:12

ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктерден 8 адам құтқарылды

Қаңтар 24, 20:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

хирург

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 2021
Николай Чеботько

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»