ОСК сенімді өкілдер мен байқаушылар қызметін түсіндірді
ОСК сенімді өкілдер мен байқаушылар қызметін түсіндірді
684
оқылды

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі науқан шеңберінде Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында ADAL және «Ақ жол» партияларының  партиялық тізімін тіркеу, сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша баяндама жасаған Ортсайлауком мүшесі Асылбек Смағұлов 2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Орта­лық сайлау комиссиясына ADAL саяси партиясы мен «Қа­зақ­станның «Ақ жол» демо­кратиялық партиясының Қа­зақстан Парла­менті Мәжілісі депута­ттарының сайлауына кан­дидаттар ұсыну туралы құ­жат­тарының тапсы­рылғаның ха­бар­лады.Оның ай­туынша, ADAL саяси пар­тия­сының партиялық тізімінде 16 адам бар. Оның ішінде 5 әйел адам және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдар, бұл – тізімге енгізіл­гендердің жалпы санының 31,2 пайызы. Ал «Ақ жол» демо­кра­тиялық партиясының пар­тиялық тізімінде 38 адам бар. Оның 14-і – әйелдер және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдар, бұл – тізімге енгізілгендердің жалпы санының 36,8 пайызы. Ал сайлау процесіне қаты­су­шылардың жекелеген санат­та­рының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері бойынша баяндама жа­саған Ортсайлауком мүшесі Серік Сыдықов өкілеттіктерді іске асыру, сондай-ақ сайлау процесіне қаты­сушыларды тіркеу мәсе­лелерін түсіндірді. Ол сенім біл­дірілген адам­дар, саяси пар­тиялардың, өзге де қоғамдық бір­лестіктер мен ком­мерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бай­қаушылары, қа­зақстандық және шетелдік бұ­қаралық ақпарат құ­рал­дары өкіл­дерінің сайлау ке­зін­дегі қызметі жайлы айтты. Оның ай­­туынша, кандидаттардың, пар­тия­лық тізімдерін ұсынған саяси пар­тиялардың өздеріне сайлау нау­қа­нын жүргізуге көмектесетін, сай­лау алдындағы үгітті жүргізетін, канди­даттардың, саяси пар­тия­лар­дың мүдделерін білдіретін се­нім біл­дірілген адамдары бо­луына құ­қылы. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар сенім білдірілген адамдарын өз қалауы бойынша тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын мөлшерде белгілеп, олар туралы тіркеу үшін тиісті сайлау комиссиясына хабарлайды. Ал сенім білдірілген адам ел азаматы болуы тиіс және қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, мемлекеттік саяси қызметші лауа­зымындағы адам сенімді өкіл бола алмайды. Ал байқаушыларға келсек, дауыс беруге арналған үй-жайда (үй-жайдан тыс) дауыс берудің өткізілуін, дауыстарды санауды, сондай-ақ аумақтық сайлау ко­миссиясының (Парламент Сена­тының депу­таттарын сайлау ке­зінде), учаскелік сайлау ко­мис­сиясының шешімдері мен әре­кеттерін байқауды жүзеге асыратын Қазақстан азаматы бай­қаушы болып есептеледі. Дауыс беру күні тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесінде бір мез­гілде әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бір­лестігінен, ком­мер­циялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан қатысуға құқылы. Өз баяндамасы аясында Се­рік Сыдықов дауыс беру күні фото, аудио және бейнежазбаны жүзеге асыру бойынша байқаушылар құқығының ерекшеліктеріне тоқ­талды. «ҚР-дағы сайлау туралы» Кон­ституциялық заң ұлттық бай­қаушыларға дауыс беру ба­рысына және оның қоры­тын­дыларын шығаруға кедергі кел­тірмей, фото, аудио және бей­нежазбалар жасау құқығын береді. Бірақ мұндай жазбалар жасау дауыс беру құ­пиясын сақтауға кедергі келтірмеуі тиіс. Әрі сайлау учаскелерінен онлайн-бейне­трансляция жүргізуге бол­майды. Шет мемлекеттер мен ха­лық­аралық ұйымдардың бай­қау­шылары Сыртқы істер ми­нистрлігі берген аккредиттеу туралы куәлік болған кезде сай­лауды байқауды жүзеге асыра ала­ды. Сонымен қатар ше­телдік журналистер мен байқау­шылар қастарына аудар­машы ертіп жүруге құқылы. Бір сөзбен айтқанда, ОСК оты­рысында Серік Сыдықов сай­лау кезіндегі байқаушылар мен БАҚ қызметі жайлы толық баяндап берді. Оның сөзіне қарағанда, 2 желтоқсандағы жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігі жа­нында тұрақты негізде 39 шетелдік масс-медианың 166 өкілі тіркелген.

А.СҰЛТАН