«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында кәсіподақ жетекшілерімен кездесу өтті.
Басқосуға қатысушылар азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселесін талқылады. Алматы қаласының «Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, профессор Зәуреш Өмірбаеваның айтуынша, жалпы қала бойынша кәсіпорындардың жұмыскерлерін кәсіподақ мүшелігімен қамту 42,7 пайызды құрайды. – Алматы қаласы бойынша 864 мың жалдамалы қызметкердің 369 мыңы кәсіподақ мүшелері. 2018-2020 жылдар ішінде 14 012 қызметкерді қамтитын 79 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды, – деп атап өтті Зәуреш Әбілғожақызы. Аталмыш шараның есеп беру кезеңінде мегаполисте үшжақты қалалық комиссияның 15 отырысы өткізілгені анықталды. Онда: жалақыны арттыру, 2017-2025 жылдарға арналған жұмыс күшінің басқарылатын ағыны бойынша жол картасын жасау, банкроттық және оңалтушы кәсіпорындағы жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі көтерілген.Әбілмансұр ЖАСАН