Фракция мүшелері бас қосты
Фракция мүшелері бас қосты
162
оқылды

Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы об­лыстық ғылыми әмбебап кі­тап­ханасында «Nur Otan» пар­тиясы Тараз қалалық мәс­лихатындағы фракция мүше­лерінің кәсіподақ және кәсіп­одақ активінің мүшелерімен кездесті. 

Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы Эльмира Мырза Ғали жетекшілік еткен басқосуда тараптар азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәсе­лесін сөз етті. Қазақстандық салалық мә­дениет, спорт, туризм және ақ­парат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің облыстық  филиалы төрағасы Дүйсеналы Бықыбаев сала ма­мандарын ынталандыру, олардың бос уақыттарын тиімді ұйым­дастыру мәселесін көтерді. Жиында «Жамбыл облысы білім және ғылым қызмет­кер­лерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық және кадр мәселелер жөніндегі бас маманы Әлия Игенбайқызы сөз сөйлеп, ұстаздардың әлеу­мет­тік әлеуетін арттыру бағы­тында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

Әбілмансұр ЖАСАН