Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Автобанның 30 шақырымы қайда «жоғалды»?

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 5, 2020
Әлеумет, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан
30 шақырым

©А.Ахметқазы

514
қаралым

Жол құрылысына қатысты кезекті дау-жанжал тууда. Жүргізушілер «Нұр-Сұлтан – Павлодар» жаңа трассасының 30 шақырымы «жоғалып» кет­кенін анықтаған. Мұны жур­налистер өз бетінше тек­се­ріп шығыпты: көліктің есеп­тегіші жолдың жария етіл­­геннен ондаған шақы­рым­ға кем екенін көрсеткен. Алайда «ҚазАвтоЖол» мұны жоққа шығарып отыр. Ұлттық компания трассаны одо­метрмен, яғни дөңгелектің айналу санын өлшейтін аспаппен өлшеуге болмайды дегенді алға тартады.

Үкімет мүшесін қатты ұялтқан жол

Автожол құрылысының өне бойы коррупциялық тәуекел­дерге толы екенін кез келген қазақ­стан­дық біледі. Өйткені жол төсеуге жыл сайын жүздеген миллиард бөлінеді, бірақ жаңа жолдар бірер қыстан соң жарам­сыз болып, жол жөндеуге тағы миллиардтар шы­ғындалады.

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов биылғы 21 сәуірде, Үкімет отырысында 2020 жыл соңына дейін республикалық жол­дардың 89 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жет­кізілетініне уәде берді. Әйт­кенмен уәдесінде қаншалық­ты тұра ал­ғаны белгісіз: қорытынды есебін жарияламады.

Еліміздің бірнеше өңірінде жол ашылды

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Бірқатар облыста жол жабылды

«Биыл республикалық маңы­­­зы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық күй­дегісінің үлесі – 89 пайызға, ал жергілікті маңыздағы осындай жолдардың үлесі 75 пайызға жет­кізіледі. Осы жылы респуб­ли­калық және жергілікті маңыз­дағы 9,5 мың шақырым авто­жолда жөндеу жұмыстары жүр­гізіледі. Автожол салу сала­сының бюджеті 2020 жылы 680 миллиард теңге болды. Соның ішінде респуб­ликалық желіге – 421 миллиард, ал жер­гілікті желіге 259 мил­лиард теңге шы­ғын­далады», – деді министр.

Б.Атамқұлов жыл аяғына дейін 2,6 мың шақырымдық жаңа авто­жол­да қозғалыс ашылады деп жос­парланып отырғанын мәлім етті.

Соның бірі – «Нұр-Сұлтан–Павлодар» тасжолының дауға ілігіп отырғаны бір бұл емес. Оның құрылысының тым ұзаққа созылып кеткенін, жобаға мем­лекеттік бюджеттен жүздеген мил­лиардтар жұмсалса да, қабыл­данып алын­бағанын Мәжіліс депутаттары қатаң сынады. Ал 2019 жылғы мамырда сол кездегі Индустрия және инфрақұ­ры­лымдық даму министрі, қазіргі вице-премьер Роман Скляр осы жоба үшін халықтан ұялатынын («Мне стыдно перед людьми») мәлімдеді. Жол телімін өзі аралап қайтқан ол автобан құрылысын созбалаңға салған мердігерлерді кезекті рет сөкті.

– Бір мердігер орнын екіншісі, үшіншісі басты. 2018 жылдан бері екі рет тендер өткізілген. Бір жылды текке жоғалтты. Бізге нақты мер­зімдер керек. Мен сендерге ең көп дегенде үш ай ғана беремін. Соз­ғандарың жетеді, тездетіп аяқ­таң­дар. Менің өзім Павлодардың ту­ма­сымын ғой, халықтың алдында қатты ұяламын! Ұзартып жіберген өзіміз, бізге ешқандай ақтау жоқ! – деген еді сол кезде Р.Скляр.

Кейін жолдың 2019 жылғы 1 жел­тоқ­санда ашылатыны мәлім­делді. Алайда тек биыл ғана іске қосылған.

Шенеуніктер 1А санаттағы, әрі 140 шақырымға дейінгі жыл­дамдықты режимге құрылған осы жаңа «хайвейді» төсеуге бастапқыда шетелдік компанияны тартты, ол бәрін бүлдіріп, ақшаның бір бөлігін игеріп, тайып тұрды. Оның орнына шенділер тендер арқылы отандық компанияны таңдап алды, онысы да ісіне ұқыпсыз болып шықты. Оны басқасымен ауыстыруға және қосымша тағы 28 миллиард теңге бөлуге тура келген.

Айтпақшы, бюджет қаражатына салынған бұл жол 2021 жылдан бастап ақылы болады деп жос­парлануда. Жолдың бір шетінде жүр­­гізушілерге жол ақысын төлеуге тура келеді. Кейін ақы жинау он­лайн форматқа көшірілмек: яғни ма­шинаның мемнөмірі суретке түсіріліп, сол бойынша ақысы элек­тронды түрде жолданады.

Әр шақырымы 400 миллионға түскен

Бұл жол туралы ақпарат құ­ралдары көп мәселе көтерді. Соның бірі – «1-ші арна» таяуда, 27 қа­рашада көрсеткен «Павлодар–Нұр-Сұлтан» автобанының 30 шақы­рымы қайда жоғалып кетті?» деген телесюжет болатын. Онда авто­бан­ның шенеуніктер ресми жа­риялаған ұзындығы туралы мәлімет жүргі­зушілердің шын мәнінде жүріп өтетін жолының ұзындығына мүл­дем сәйкес келмейтіні ашық ай­тылды. Журналистерге осы жайын­да жүргізушілердің өзі ша­ғым­даныпты. Олардың әрбір ша­қы­рымға қатысты дауласатын жөні бар: себебі «темір тұлпар» ие­лері «ҚазАвтоЖолға» әрбір шақы­рым үшін ақы төлейді.

30 шақырым

«Мұның астарында сыбайлас жемқорлық көрінісі бардай. Сон­дай-ақ бұл өмірде жоқ нәрсе үшін ақы алып, азаматтардың жүздеген миллион теңгесін бос шы­ғындауға соқтырмақ», – дейді жур­налист Илья Рыбин. Ол осы трас­саны өз көлігімен өлшеп шығыпты.

– Бірнеше рет жүргізушілер өтініш айтып, осы мәселені көте­руімізді сұрады. Олар ақылы жол бойында тұрған жол белгілерінде арақашықтық дұрыс жазылмаған дейді. Бірінші кезекте мынаған назар аударды: елордадан Пав­лодар бағытына шығар жерде тұрған бастапқы жол белгісінде 416 шақы­рым деп жазып қойыпты. Сонда екі ара 431 шақырымды құрайды дегені қайда? Ал жүр­гізушілер үшін ара­қашықты өл­шеудің ең қара­пайым әрі қол­жетімді тәсілі – ав­томо­бильдің одометрі. Мен мы­салы, Павло­дардан елордаға 4 сағат 15 минутта келдім, тура 401 шақы­рым жүріп өттім. Жол белгілерінде басқа сандар түсірілген, – дейді ол.

Осы орайда ақпарат құралына Индустрия және инфрақұ­ры­лымдық даму министрлігінiң Ав­т­омобиль жолдары комитетi тө­рағасының орынбасары Төлеген Абдуллин түсініктеме беріпті. Ол 431 шақырым деген сан бір қаланың ішінен екінші қаланың ішіне кіргенге дейінгі ұзындық екенін нұсқапты. Оның ақпаратынша, трасса 2 бөлікке бөліп қарасты­рылады: Ақмола облысында – 184 ша­қырымы, Павлодар облы­сында – 231 шақырымы. Яғни, бәрібір 415 шақырым шығады.

«Жалпы алғанда, «Нұр-Сұлтан–Павлодар» учаскесін реконст­рукциялауға 237 миллиард теңге жұм­салды. Оның 117,7 миллиарды – Павлодар облысындағы бөлігіне, тағы 120 миллиарды – Ақмола облы­сындағы бөлігіне бағытталды. Нәтижесінде, 4 жолақты жол, 13 кө­лік айырығы, 2 көпір, теміржол арқылы 2 өтпе салынды», – дейді комитет төрағасының орынбасары.

Осылайша, бұл автобанның әрбір шақырымы орташа есеппен 350-400 миллион теңгеге түскен.

Жүргізушілер таппаған 30 километр қайда?

Егер осынша шақырым шы­нымен «жоғалса», онда бұл «шама­мен 12 миллиард теңге әлдекімнің қалтасында кетті» деген сөз.

Осы мәселеге байланысты ИИДМ-нің Автомобиль жолдары комитетi ресми түсініктеме берді. Ол республикалық жолдардың ұзын­дығы астанадағы Парламент ғимаратынан бастап есептелетінін мәлімдеді.

– Таяуда «Еуразия» телеар­насында шыққан, «Нұр-Сұлтан–Павлодар» жолында көп шақы­рымдық жолдың «жоғалғаны» ту­ра­лы ақпарат шындыққа сай келмейді. Елордадан Павлодар қаласына дейінгі іс жүзіндегі қашықтық – 415 шақырым. Ал автомобиль жо­лының осы теліміне дейінгі 16 шақы­­рым – Қазақстан Парла­менті­нің ғи­маратынан басталатын қа­шық­тық. Өйткені Нұр-Сұл­таннан тарайтын республикалық маңызы бар жолдардың кило­метражын есептеу дәл осы Парла­мент ғи­маратынан басталады. Нәтиже­сінде, «Нұр-Сұлтан–Пав­лодар» трассасының жалпы ұзын­дығы – 431 шақырым, – деді комитет.

Меморган жүргізушілердің жол ұзындығын одометрмен өлшеуін қате деді.

«Атап өтер жайт, одометр – авто­мобиль доңғалағының айналу санын өлшейтін аспап. Сондықтан жол километражын соның көме­гімен есептеген дұрыс емес. Се­бебі бұл аспаптың кінәраты, нақты жү­ріп өткен қашықтықпен айыр­ма­шылығы елеулі болады. Барлық кө­­лік құралында орнатылған одо­метрлер «дәлдікті аспап» (точ­ный прибор) сыныбына жатпайды. Мә­селен, механикалық одометрдің кінә­раты 5%-ға дейін жетеді. Жол­дардың километражын жыл­жы­малы жол лабораториялары есеп­тейді. Олар ара-қашықтықты өл­шеуге арналған жоғары дәлдікті, кәсіби құрылғылармен жабдық­талған», – деді Автомобиль жолдары комитетi.

Елдос СЕНБАЙ

 
Тегтер: 30 шақырымавтобанжаңа трассажолҚазАвтоЖолНұр-Сұлтан – Павлодар
Алдыңғы жаңалық

Шортанбайдың есімін музейден алған кім?

Келесі жаңалық

Тұрғындар тарифтен түңілді

Ұқсас жаңалықтар

хирург
Жаңалықтар

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 2021
Николай Чеботько
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 2021
Тұраров
Жаңалықтар

Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Қаңтар 24, 2021
дауыл
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 23:51

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 23:29

Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Қаңтар 24, 22:47

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 24, 22:04

Қоршаған ортаны тазарту технологиясын жасағандарға 100 миллион доллар беріледі

Қаңтар 24, 21:41

Бірнеше өңірде тасжолдар ашылды

Қаңтар 24, 21:12

ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктерден 8 адам құтқарылды

Қаңтар 24, 20:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

хирург

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 2021
Николай Чеботько

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»