Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Міндетті екпе cаулықтың кепілі ме?

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 5, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
екпе
64
қаралым

Қазір ата-анаға «вакцина салдыру» дей қалсаң, кірпі­дей жиырылады. Өйткені қоғамда екі түрлі пікір қалып­тасқан. Тар­қатып айтсақ, бір тарап «екпе ауру әкеледі» деп ойлайды. Кейінгілері ке­рісінше вакцина жағдайды жеңілдетерін бі­леді. Ал ағза­да ауруға қарсы иммунитет қалыптаспаса, кү­ресу мүмкін емесі белгілі. Мысалы, ке­йін­гі жылдары елі­мізде қы­зыл­шамен ауыратын адам­дардың қатары көбейген. Себебін іздесеңіз, вакцина тақырыбына қайта ораласыз.

Иә, кейінгі жылдары қызыл­шамен ауырғандар көбейіп кетті. Оған статистика дәлел. Мәселен, Жандарбек Бекшин бас мемле­кет­тік санитар болған тұста мынадай мәлімдеме жасаған-ды. 2018 жыл­дың қарашасы мен 2019 жылдың 9 айы аралығында 19 адам қызыл­шадан көз жұмған. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында 14 адам қайтыс болған. Медицина ғылымдарының докторы Динагүл Аяпбекқызы өткен жылы 4 айдың ішінде 12 ба­ланың аталған аурудан көз жұм­ғанын растап отыр. Мұны дәрі­герлер ата-аналардың сау бала­ларын қызылшаға қарсы ектіруден бас тартқандықтан, қоршаған ортада қажетті иммундық деңгей­дің тө­мендеуімен түсіндірді. Осы ретте, «неліктен ата-аналар вакцина сал­дырудан бас тартады?» деген бә­рі­мізді ортақ бір сұрақ мазалайды.

Дені сау балаға екпе салдырып не керек?

Вакцина салдыру, салдырмау  жайында  ата-аналармен әңгі­ме­лес­­тік. Байқағанымыз, біраз ата-ана бала дүниеге келгенде ауру­ханада салатын туберкулез мен геп­атит Б-ға қарсы екпені ектір­ген соң, қайтіп вакцинаға «жола­майды». «Бастысы, туберкулезге қарсы вакцинаны салдырды, қалғаны қажет емес» дейтіндері бар. Өйткені олардың бойында үрей басым. Әлеуметтік желідегі жазба, телеарнадағы сюжеттен ағзасында екпе салдырмауға «им­мунитет» қалыптасқан. Өз ба­сы­нан өтпесе де, көзбен көрмесе де «екпе еккеннен бала жүрмейді, сал болып қалады» дегенге сенеді. Сөйтеді де, міндетті бірнеше вак­цинадан бас тартады.

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: Министрлік түсініктеме берді

Ғалым коронавирус қашан толық жойылатынын айтты

Екпе салдырғандар еркін жүріп тұрады

«Екі балама да екпе салдыр­май­мын. Дені сау балаға екпе салдырып керегі не? Бастысы, ту­беркулезге қарсы вакцинаны салдырдық. Небір вакцинадан ауырған бала­ларды естіп жатыр­мыз. Жүре алмай, сөйлей алмай қалғандары бар екен. Ауруханаға барғанымда, дәрігер екпенің пайдасын түсін­дірмек болды. Бірақ вакцина салдырудан бас тартатыным жайлы қолхат жазып бердім. Одан кейін екпе егуді бизнес дейтіндер бар. Сол үшін сал­дыруға міндеттейді-мыс. Мұның қаншалықты рас-өтірігін білмедім», – дейді Алматы тұр­ғыны Самал Маратқызы.

Кейінгі кейіпкеріміз Маржан Жантас­қызы да ұл-қызына екпе ектіру жайын жолдасымен ұзақ талқылаған. Ақыры, сал­дырмауға бел буыпты. Бұлар да тек ауру­ханада салатын екі екпені алған. «Нелік­тен?» деп сұрағанымызда, «Қазір вакцинаға емес, дәрігерлерге сенбеймін. Олар баланы дұрыс тексеруден өткізе ме? Аллергиясы бар-жоғын мұқият тексере ме? Күмәнім бар»,– деп жауап берді ол. Мұндай аргу­менттен кейін аздап тосылып қалғанымыз бар. Содан екі ата-ананың сұрағын «арқа­лап», білікті мамандардың кеңесіне жүгін­дік.

 Жағдайға дәрігерлердің де кінәсі бар

«Құрғақ қасық ауыз жыртпас» үшін алғашқы кейіпкердің күмәнін сейілтіп көрелік. Иә, екпенің әсерінен ауруға шалдығу көрсеткіші барын ДСҰ да жасырмайды. Бірақ бұл статистика 3-5%-дың айналасында. Себебі неде? Сұрақты талқыласақ, екінші кейіпкердің пікіріне жауап береміз. Мынадай жағдайда вакцина кері әсер береді. Мысалы, екпе егудің алдында кешенді тексеру жүргізбеу салдарынан. Яғни, дәрігер бала бойында қандай аллергия бар, қызуы көтеріліп тұрмағанына, тұмау мен суық тигізіп алудан аман екеніне көз жеткізу қажет.  Екпе егер алдында баланың даму картасын бірнеше рет қараған абзал.

Мәселен, профессор Сәкен Әміреұлы қоғамдағы ахуалға қынжылады. «Кейде дәрігерлер тізгінді жібере салғандай көрінеді. Екпеден бас тартуға шешім қабылдап отырған ата-ананы барынша райынан қайтару керек емес пе? Шешімнен бас тартпай жатыр ма, барынша мысал келтір. «Дені сау балаға екпе не керек?» деген жанға баласының ертең балабақшаға баратынын еске түсір. Балабақшадағы 20 баланың 19-ы екпе ектірсе, ауадағы ауру вирусы вакцина салдырмаған баланы табатынын жеткіз», – дейді ол.

Білікті маман сөзінің жаны бар. Өйткені медицина ғылымдарының докторы Динагүл Аяпбекқызының айтуынша, адам пневмококкқа қарсы вакцина салдыр­мағаннан менингит болса, өмір бойы саңырау болып қалады. Ал қызылшаға қар­сы вакцина жайына келсек, егер осы вак­цинаны уақытында салдырмаса, бедеу­лікке душар болу қаупі бар.

«Ерлі-зайыптылар ажырасатындарын айтып, алдыма келді. Себебін бала сүйе алмаумен түсіндірді. Сөйтіп, себебін анықтауға кірістім. Өйткені әйел тексеруден өткенде, оның дені сау, қабілетті екенін айтқан. Ақыры, ер адамның бала кездегі даму картасына үңілдік. Байқап қарасам, ол қызылшаға қарсы вакцинаны алмаған. Білесіз бе, бала кезде қызылшаға қарсы вакцинаның ішінде, қызамық пен эпидемиялық паротитке қарсы вакцина (MMR) бірге жүреді. Ал ол кішкене кезінде ата-анасы бас тартқандықтан MMR вакцинасын салдырмаған. Содан бұрын паротитпен ауырып, жазылған. Паротитке шалдыққаннан, сперматозоидтің күші әлсіреп, бедеу болып қалған»,– дейді профессор Сәкен Әміреұлы.

Сақтансаң, сақтайды

Ал Арнай Айтжан дәрігерлердің сөзінен кейін ұзақ ойланған. Профессор айтқандай, педиатр ата-анаға вакцинаның пайдасы жайлы кеңінен түсіндірген. Сонымен, баласы 1 жастан асқанда қызылшаға қарсы вакцина салдырған.

Негізі, Ұлттық вакцина күнтізбесінде 16 жасқа дейін балаға 20-дан астам вакцина салады. Арасында бір вакцинаны 2-3 рет қайталап салу дерегі тіркеледі. Мәселен, әуелгіде айтқан қызылша, қызамық пен паротитке   (MMR) арналған вакцинаны баланың 12-15 айында салатын. Бірақ кейінгі жылдары жағдай күрт нашар­лағандықтан, жасқа толмаған балаға да аталған вакцинаны салдыруға шешім шық­қан-ды.

2019 жылы еліміз алғаш рет 1 жасқа толмаған балаларға екпе салдыруды қолға алды. Себебі 12 айға толмаған балалардың арасында қызылша ауруының таралу көрсеткіші жоғарылап кеткен. Денсаулық сақтау министрлігіне биылғы статистиканы сұрап күні бұрын сұрау салғанымызбен, жауап ала алмадық. Сондықтан өткен жылғы ақпарды қанағат тұттық.  Ресми мәліметке сүйенсек, 2019 жылдың басында-ақ қызылшаға шалдыққан 4 670 адам тіркелсе, соның басым бөлігі балалар екен. ДСҰ-да мұның мәні вакцина салдырмаудан екенін түсіндіріп әлек. Олар 2017 жылы қызылша ауруынан әлемде 110 мың адам­ның қайтыс болғанын жиі еске салады. Қауіп аурудың таралуынан бөлек, екпе ектіруден қашатындардың әрекетінде жатыр екен.

Экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2019 жылы 4,8 миллионнан астам екпе жасалып, 6 003 адам вакцина салдырудан бас тартқанын айтқан-ды. Әрі өткен жылы «вакцинадан көз жұмды» деген дерек тіркелмеген. Дәрігерлер де ата-аналарға сенімді дереккөзден ақпарат оқып, таратуды сұрап отыр. Сондықтан ауырмаудың жолын іздеген абзал.

АйзатАйзат АЙДАРҚЫЗЫ

 
Тегтер: вакцинавакцина салдыруекпеиммунитетміндетті екпе
Алдыңғы жаңалық

Дінаралық қатынастың қазақстандық моделі

Келесі жаңалық

Иесі өлгеннен кейін 15 жылдық құлдықтан құтылған азамат (видео)

Ұқсас жаңалықтар

тұрмыстық зорлық - Жәмилә Нұрманбетова
Nur Otan

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Қаңтар 21, 2021
Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар

Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қаңтар 21, 2021
8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды
Жаңалықтар

8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды

Қаңтар 21, 2021
өңір
Жаңалықтар

Тағы бір қалада карантин күшейтілді

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Қаңтар 21, 19:38

Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қаңтар 21, 19:20

8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды

Қаңтар 21, 18:57

Тағы бір қалада карантин күшейтілді

Қаңтар 21, 18:32

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Қаңтар 21, 17:55

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Қаңтар 21, 17:43

Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Қаңтар 21, 17:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

тұрмыстық зорлық - Жәмилә Нұрманбетова

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Қаңтар 21, 2021
Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»