Ресейлік азамат 15 жыл бойы Қарағандыда құлдықта жүріпті. Есімі – Салауат Ахматгареев.
Ол Қазақстанға әскерден кейін келіпті. Сол кезде мұнда құжаттарын жоғалтып, құлдыққа түскен. Ол ұзақ жылдар бойы мал бағып, үйдің тірлігін істеп күнелтіпті. Көк тиын төленбеген. Оның тек паналайтын жері мен тамағы біріліп отырған. [embed]https://youtu.be/R7Ayfi1FGUs[/embed]Кім біледі, сөйтіп жүре бере ме еді? Салауат Ахматгареев иесі өлгеннен кейін құлдықтан босап шықты. Алайда оны ағайын-туысы өлдіге санап, өзінің тірі екенін 6 жыл бойы дәлелдеумен болған. Ақыры дәлелдеп, қолына паспорты тиді. Енді ол үйіне оралып, қызы мен немересін көруге асық.
Оның айтуынша, Ресей паспортын алуға «Қайсар» қоғамдық қоры көмектесіпті. Шекере ашылысымен, еліне оралып, ең алдымен өзінің қабірін барып көрмекші.– Еліме оралысымен, қызым мен немеремді бір иіскесем деймін. Зиратқа барып, анам мен өзімнің қабірімді көрмекшімін. Сонда менің орныма кім жерлеп тастады екен? Марқұм анама менің мәйітім деп кімдікін көрсетті екен? Осының жауабын табу керек», - дейді Салауат Ахматгареев.