Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Шудың қарасорасы – бақ пен сордың арасы

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 5, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
қарасора
220
қаралым

Екі миллион гектар Шу алқабының 145 мың гектары есірткі бизнесінің көз құртына айналғалы қашан. Мұнда жыл сайын 24 мың тоннадай қарасора өсіп шығады. Одан 4,6 мың тонна марихуана немесе 4,1 тонна гашиш дайындауға болады. Бұл бүкіл Еуропа мен Азияны улауға молынан жетеді екен. Біреулер атышулы өсімдікті тып-типыл жойып жіберу керек десе, енді бір мамандар марихуананы өнеркәсіпте қолдануды қолдайды. Дамыған әлем қазірдің өзінде қарасорадан дәрі-дәрмек, талшық, қағаз сияқты ондаған өнім өндіріп отыр.

Елімізде жыл сайын орташа есеппен заңсыз айналымнан 30 тоннаға жуық есірткі заттары тәркіленеді, оның басым көпшілігі каннабис тобына жатады. Мамандар мәселені шешудің түрлі жолдары мен әдістерін ұсынған. Шу алқабына қарулы күзет қою, жабайы қара­сорадан тоқыма өнімдерін жасау, дәрі-дәрмек және май өндіру, өртеу, гербицидтермен өңдеу, малға таптату немесе орнына құрамында есірткі заттары жоқ өсімдіктер егу сынды нұсқаларды ойластырған. Еш­қайсынан нәтиже шықпаған.

Дегенмен марихуанадан тұтыну тауарларын әзірлеп, кеңінен кәдеге жаратуға болады. Оны шаруа­шылықта, дәрі-дәрмек өндірісінде шикізат ретінде өсіру әлемдік тә­жірибеде баяғыдан бар. Қара­сорадан алынған мата төзімділік жағынан өзге материалдардан асып түседі. Арнайы жұмыс киімдері мен джинс шалбарларды содан тігетіні бекер емес. Қарасора талшығынан арқан, жіп, мата, кеме желкені мен жаб­дықтары, өрт сөндірушілер киімі, парашют, ау, майшам білтесі т.б. мықты дүниелер жасалады. Ағыл­шын ғалымдарының пі­кірінше, қарасорада кездесетін заттардың 60-70 пайызы адам психологиясына әсер етпейді. Керісінше, оның құра­мындағы марихуана экс­трактілері – қатерлі ісік, эпилепсия, шизо­фре­ния, семіздік, қан қысымы сияқты ауруларға мың да бір дауа.

Қазақстан былтыр Ресейден қағаз сатып алуға 400 млн доллар жұмсапты. Кей мамандар сол қа­ғазды Шудағы қарасорадан дайын­дауды ұсынады. Өйткені сорадан жасалған қағаз өте сапалы болады. Бір гектар қарасорадан алынатын целлюлоза мөлшері 2-3 гектар орманнан алынатын целлюлозадан әлдеқайда көп. Бұл өсімдік тез қалпына келеді. Экологтардың сөзіне сенсек, 140 гектар қарасора 300-400 мың гектар орманды аман сақтап қалады екен.

Діни ағымның жетегінде кеткендер есірткімен ұсталды – видео

Полицейлер есірткі сататын 250-ге жуық сайтты анықтады

Ұлыбританияда Kinder сюрприз ішіне есірткі жасырған төрт баланың анасын жауапқа тартты

Осының бәрін ескерген Үкімет 2004 жылы Шу қаласында FESO Textile Қазақстан – Германия бі­ріккен кәсіпорнын салуды қолға алған. Жоба құны 54 млн долларға бағаланған. Зауыт екі жылдан соң іске қосылады деп күтілген. Өнді­рістің басты бағыты қарасорадан мата, автомобиль өндірісіне қажет материалдар, техникалық тал­шықтар, құрылыс заттарын, косме­тикалық өнімдер әзірлеу еді. Ма­мандар кәсіпорынның арқасында есірткі қылмысы азаяды, мыңдаған жұмыс орны ашылып, зауыт ел эко­номикасына қызмет етеді деп үміт­тенген. Алайда үміт ақталмады. Белгісіз себептермен зауыт құры­лы­сы белгісіз мерзімге шеге­рілді.

Былтыр депутат Альберт Рау Қазақстанда өнеркәсіптік мақсатта техникалық қарасора өсіру және өңдеуді заңды түрде бекіту қажет деп сол кездегі премьер-министр Ба­қытжан Сағынтаевтың атына хат жазған.

«Техникалық қарасорадан бас­таған дұрыс. Басында жеңіл өнер­кәсіп, целлюлоза-қағаз, жиһаз, құ­рылыс бағытында өсіріп, кейінірек біртіндеп фармацияға көшер едік», – деген-ді халық қалаулысы.

Рас, дәрі-дәрмек әзірлеу қара­сора өндірісінің ең жоғары деңгейі саналады. Оған дейін алдымен технологиясы оңайырақ тал­шықтармен жұмыс істеуді үйрену керек. Биыл көктемде отандық онкологтар елордада шетелдік әріптестерімен жүздесіп, қара­сораны медициналық мақсатта пайдалану мәселесін талқылаған. Кездесуді ұйымдастырған RAIS Medicann International компаниясы Қазақстанда қарасора өңдейтін зертхана мен зауыт салуды көздейді. Израиль, АҚШ, Германия мен Сербиядан кел­ген мамандар біздің дәрігерлерге құрамында ТГК (тетра­гидро­кан­набинол) және КБД (ағылшын тілінде CBD, канна­бидиол) бар дәрі-дәрмектерді та­ныстырды. Әлемде қарасора майын ең алғаш меди­цинада қолданған Израиль мен АҚШ дәрігерлері кейінгі кезде наркоз бен морфиннің орнына ТГК және КБД-ны пай­далана бастапты.

Ал бізде әзірге Алматы облысы Кербұлақ ауданында бір пилоттық жоба бар. 2017 жылы құрылған KazHemp компаниясы қарасо­раның техникалық түрін өсіріп, тігін саласына қажет талшық өндіреді. Жұмыс барысында қарасораның есірткіге жатпайтын сұрыптарын ғана пайдаланады. Кәсіпорын бі­рінші жылы 600 гектар, екінші жылы 4 мың гектар қарасора еккен. 2022 жылы егістік көлемін 50 мың гек­тарға дейін ұлғайтуды межелейді. 2018 жылы отандық фирма Zara, Top Shop секілді брендтердің иесі – Inditex халықаралық тоқыма алы­бымен келісімшартқа отырды. Франция мен Үндістанға 1 тонна қарасора өнімін жөнелтті.

Жалпы, қарасора өсіруге Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Американың 30 шақты мемле­кетінде рұқсат етілген. Еліміз осы нарықта өз орнын ойып алуға қау­қарлы дейді сарапшылар. Неге десеңіз, Қазақстан мен Қырғыз Республикасы ше­карасында орна­ласқан Шу алқабы – жер бетіндегі жабайы қарасораның ең үлкен аймағы. Демек, халықаралық кан­набис нарығында шикізат бағасын анықтайтын ойыншы рөліне әбден лайықпыз.

Шыны керек, қарасораның ақшалай пайдасы ұшан-теңіз. Мысалы, дүниежүзінде 1 тонна қарасораның бағасы 9-12 млн теңге тұрады. Бұл бидайдың бүгінгі құнынан 80 есе қымбат. Яғни, 50 гектар қарасорадан 500 гектар бидайдың сомасы түседі. Қарасора минералды тыңайтқыштарға мұқтаж емес, зиянды ағзаларды бойына дарытпайды, өте өсімтал.

Бірақ қарасораны өсіру емес, жинау қиын екен. Себебі маман­дандырылған техника жетіспейді. Егінді қарапайым жабдықтармен ексе де, орып алуға арнайы ком­байндар керек. Оның үстіне, Шудағы қарасораның сабағы аласа келеді. Бұл оның бағасына кесірін тигізуі мүмкін.

Brightfield Group жүргізген зерт­теуге сәйкес, 2017 жылы кан­набистің дүниежүзілік нарықтағы айналымы 7,7 миллиард долларға жетсе, 2021 жылы 31,4 миллиард долларды еңсереді деген болжам бар.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

 
Тегтер: 145 мың гектаргашишесірткіқарасорамарихуанашу
Алдыңғы жаңалық

Қазақстандағы 2021 жылғы діни мейрамдар кестесі бекітілді

Келесі жаңалық

Мұғалімнің басын кескен жігіттің құрметіне көше аты беріліпті

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус, ауру, науқас, Қазақстан
Жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Қаңтар 28, 2021
көлік ұрлығы, шетел, VIN код, Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі,
Жаңалықтар

«Көлік ұрлығына погон таққандардың қатысы бар» – Мәжіліс төрағасы

Қаңтар 28, 2021
мал, шекара, ұрлық, Шымкент, Сарығаш, әскери қызметкер
Жаңалықтар

Шекараны күзетудің орнына мал ұрлаған әскери қызметкерлер ұсталды

Қаңтар 28, 2021
ауа райы, боран, жел, тұман
Жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қаңтар 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Қаңтар 28, 08:18

«Көлік ұрлығына погон таққандардың қатысы бар» – Мәжіліс төрағасы

Қаңтар 28, 07:59

Шекараны күзетудің орнына мал ұрлаған әскери қызметкерлер ұсталды

Қаңтар 28, 07:33

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қаңтар 28, 07:04

Мұздықтардың еру жылдамдығы үрей тудыратын жағдайға жеткен

Қаңтар 27, 23:50

Қазақ спортшысы UFC-дің ең қауіпті файтері болмақ

Қаңтар 27, 23:20

Ақтауда «буынсыз бала» тұрады

Қаңтар 27, 22:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус, ауру, науқас, Қазақстан

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Қаңтар 28, 2021
көлік ұрлығы, шетел, VIN код, Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі,

«Көлік ұрлығына погон таққандардың қатысы бар» – Мәжіліс төрағасы

Қаңтар 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»