Мұғалімнің басын кескен жігіттің құрметіне көше аты беріліпті
Мұғалімнің басын кескен жігіттің құрметіне көше аты беріліпті
104
оқылды

Шешенстан Францияда мұғалімнің басын кескен жігіттің құрметіне көшенің «атын өзгертеді» деген сыбыс шықты. Тіпті, әлеуметтік желіде көшенің атауы түсірілген сурет кеңіннен таралып кетті.

Пост авторының әлімдеуінше, сурет Шалажи ауылында түсірілген. Ол жерде Анзоровтың туыстары тұрады екен. Көше атауының тақтайшасы газ құбырының тіреуіне ілініп тұр.

 Ал билік болса, бұл жағдайға түсініктеме беруге тырысты. Олардың айтуынша, бұл ақпарат өтірік. Жергілікті әкімшілік көшенің атауын өзгертуге келісім бермеген екен. «Оны жергілікті тұрғындардың бірі жасаған болар. Әйтпесе, ол көше Кавказда Кеңес өкіметі үшін күрескен Азамат соғысының батыры Асламбек Шериповтің есімімен аталады.

Естеріңізге салсақ, 18 жасар Абдулах Анзоров Париж маңында мұғалім Сэмюэль Патидің басын кескен. Ол Чарли Хэбдо суретші салған Мұхаммед пайғамбардың карикатуралары мысалында сөз бостандығының негіздерін түсіндіргені үшін мұғалімді өлтірген болатын. Францияның антитеррорлық прокуратурасының басшысы Жан-Франсуа Рикардың мәлімдеуінше,  мұғалімді өлтіруге он адам қатысқан, үшеуі оның сыбайласы. Қылмыскер құрбаны туралы ақпарат алу үшін мектеп оқушыларынан ақша ұсынған.