Жапониядағы ұмытылмас күн

Жапониядағы ұмытылмас күн

Жапония әуежайын қа­зақ­ша сөйлетіп, «Ұмытыл­мас күнді» шыр­қатқан Димаш бү­гін ABU TV SONG FESTIVAL шо­уына қатысады. Әр елден кел­ген таңдаулы әншілер бас қос­қан фестивальде Құ­дай­­бер­геновпен қатар авc­тра­лиялық Дан Сұлтан, тү­рік­тің Мұстафа Сандалы бар. Cон­дай-ақ үнді елінің мақ­таны­шы Алла Ракха Рах­ман мен оң­түс­тіккореялық Twice де өнер көрсетеді.

«Жапония сияқты бай тарихы бар елде қонақ болғаныма қуа­ныш­тымын». Әнші instagram парақшасында осылай деп жаз­ды. Димаш Құдайбергеновті жан­күйерлері әуежайдан ерек­ше атмосферамен қарсы алды. Көк түсті кеудеше киген Diers (фанклубтың атауы-ред) «Ұмытыл­мас күнді» қазақша шырқағанда әнші таңданысын жасырмады.

Күн мен қыран бейнеленген көк туды ұстаған жапонды көрдіңіз бе? Жапония Құдайбергеновке осындай ерекше құрмет көрсетті. Осыдан-ақ «спорт пен мәдениет әлемді жақындастырады» деген сөз еске түседі. Жанкүйерлеріне тән­ті болған әнші бәріне қолтаңба үлестіріп, суретке түсуге тырысты.

Артынша ол фестиваль алдын­да NHK каналына сұхбат берді. Жапон телеарнасына берген сұх­ба­тында қазақша сөйледі. Әри­не, әдептен озбайтын Димаш бағ­­дарлама барысында осы күнге жетуіне еңбегі сіңген барлық жан­ға алғыс айтумен болды. Өзінің шығармашылық жолын айта келе, білім берген, қолдау көрсеткен ұстаздарына алғыс білдірді.

Димаш: «Қазақстанда туып-өскенімді мақтан тұтамын. Жердің қай бұрышында жүрсем де, халық шығармашылығын бойыма сі­ңір­генімді мақтан тұтамын. Ота­ным­ның рухын сезініп өскен ұлмын» деді.

Жапон журналистері қазақтың ұлттық аспабы домбыраға қызыға­тын­дарын жеткізді. Өйткені Ди­маш жиі домбырамен өнер көр­се­теді. Әрі домбыраны сөйлете біледі. Ұлттық аспаптың күші мен жігерін танытып, өзін сенімді се­зінеді. Домбырада ойнағанда ұл­тын әлемге танытатынын, кей елге беймәлім Қазақстанды аша­ты­нын ұғады. Сондықтан да ол сұхбатында «Домбыра – қазақтың жаны» деді.

Сұхбатта ол қазақ тілін­де сөй­леп, тілшілермен аударма­шы­­ның көмегімен тілдесті. Теле­жүр­­гізушілер де өз таңданысын жа­сырмады. Қазақ тілінің дыбыс­та­луына таңғалып, Димаш үнінің сиқырына елітті. Сондай-ақ ән­ші жапон жұртын фестивальге ша­қыр­ды. «Домбыраның құдіретін көрсетіп, әніммен бірге ерекше күйге бөлеймін» деді. Димаш ABU TV SONG FESTIVAL ән фес­ти­ва­лінде басқа да танымал әнші­лер­мен бірге өнер көрсетеді.

«Тыңдалмаған сөз жетім». Абай­дың осы сөзін әнмен алмастырсақ, Димаш орындайтын қазақтың әні қандай бақытты?! Әлем қосыла шырқап, шамасы жеткенше жаттап жүр. Осыны білген әнші жеңіл әнді емес, салмақтысын таңдайды. Қытай елі «Дайдидауды», Жапония «Ұмытылмас күнді» үйренді. Ендігі кезек америкалықтарда ма? Құрама штат тұрғындарынан «Самалтауды» есітуге дайынбыз ба? Өйткені Димаш Нью-Йоркте Arnau шоуын ұйымдастырады. Dears-тың ерекше фанклуб екенін білеміз. Ендеше, бұл әншісін таңдандырамын деген америкалық Dears-тарға берілген мүмкіндік.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ