Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Бурабай елдімекенінің тұрғыны төрт әйелді өлтірді. Қайғылы жағдай түнде орын алды.
Ақмола облыстық полиция департаментіннің мәліметінше, оқиға 5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де болған. Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін хабарлаған. ⠀ Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын қолға түсірген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.