Бұл жайында Otyrar.kz жариялады. Қой ұрлаған ұрлықшыны полиция Түркістан облысында ұстап алыпты.
Кентау қалалық полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арыз берген. Айтуынша, түнгі сағат 03:00 шамасында белгісіз біреулер оның қорасындағы үш қойды ұрлап кеткен. Ұрлықшының ауыл тұрғынына келтірілген жалпы шығыны – 100 мың теңге.
Әлгі қойларды сатпақшы болған күдіктіні полиция базардың бірінен байқап қалып, мән-жайды анықтау үшін тергеуге алынды. Ұрланған үш қой заңды иесіне қайтарылды.«Тергеу барысында күдікті қарызын төлеу үшін ұрлыққа барыпты. Ол тез әрі оңай жолмен ақша таппақ болған. Содан ауыл тұрғындарының бірінен бір отыр қой көріп, 2-3-ңн ұрламақ болған. Сөйтіп түнде Daewoo Nexia автокөлігімен жәбірленушінің ауласына кетіп, қораға кіріп, үш қойды бір-бірлеп шығарып, көлікке тиеп әкеткен», - делінген хабарламада.