Қарттар үйінде 28 адам коронавирус жұқтырыпты
Қарттар үйінде 28 адам коронавирус жұқтырыпты

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік орталықта 28 адам коронавирус жұқтырған.

Pavlodarnews.kz  мәлімдеуінше, алғашқы жағдай 28 қараша күні тіркелген. А Аймақтың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, Тексерістен өту үшін емханаға орталықтың санитар қызметкері жүгініп, одан коронавирус анықталған. Сол күні әйелмен жақын байланыста болған екі қызметкер де қамқорлыққа алынды. 34 адам ПТР-тест тапсырды. 29 қарашада мекеменің үлестірушісі емхананың мобильді тобына жүгінген. ПТР-тексерістен 70 адам өтті, оның 69-ы қамқорлыққа алынған тұлға. «2020 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақсудағы Қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында COVID-19 жұқтырудың 28 оқиғасы тіркелді. 22-сі қамқорлыққа алынған тұлға, 19-ында ауру симптомсыз өтуде. Сондай-ақ коронавирус алты қызметкерден анықталды, олардың екеуінде індет белгілері бар. Сырқаттанған азаматтардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Тағы төрт қызметкер – үй карантинінде», - деді мекеме өкілдері. Жалпы мекемеде 195 тұрғын мен 38 қызметкер бар. Барлығы COVID-19-ға тест тапсырған.