Шымкент: Бас дәрігердің адам ағзасын шетелге заңсыз сатқаны рас па?
Шымкент: Бас дәрігердің адам ағзасын шетелге заңсыз сатқаны рас па?
146
оқылды

Шымкентте полиция қызметкерлері № 1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайды ұстады.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Дәрігерге Қылмыстық кодекстің «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам органдарын заңсыз алу» баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылған.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донор ретінде тұрмысы төмен Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары мәжбүрлі түрде ағзасын сатқан. Ағзаны, негізінен, Израильдің азаматтары сатып алған көрінеді. Тергеу барысында азамат А. Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізгені анықталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дәрігер-трансплантолог Құттымұратов пен қылмыстық топ мүшелерінің бірі — Қырғызстан азаматы Б. Т. Тайсалова ұсталып, қамалған болатын.