Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жандар басты назарда

«Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында ауданда атқарылған жұмыстар аз емес.

"Айқын" ақпарат
Желтоқсан 5, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan
мүмкіндігі шектеулі

Фото: Интернеттен алынды

179
қаралым

Медициналық мекемелерді аралады

Сенім мен серпін бар

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілуде

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасының мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету.

Бастысы, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді көздейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру – басты міндет.

Осы жылдың желтоқсан айына дейін Целиноград ауданында жұмыспен қамту сұрақтары бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 32 адам өз өтініштерін берген. Бүгінде барлығы да жұмыспен қамтамасыз етілді. Олардың ішіндегі 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Квота бойынша 5 адам болса, қоғамдық жұмыстарға 15 адам орналасқан. Әлеуметтік жұмысқа 1 адам орналасса, 1 адам жастар тәжірибесі бойынша қамтамасыз етілген.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға жауапты мекемелер мен ұйымдар, партияның қоғамдық қабылдау бөлімі  мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан түскен шағымдар мен өтініштерді назарларынан тыс қалдырмайды.

Аудан бойынша есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік топтарына  қарай әлеуметтік көмек  түрлері көрсетіліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі  жандардың денсаулығын жақсартумен қатар, сол денсаулықтарына байланысты тиісті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіліп отырады. Аудан әкімдігі де мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметттік-тұрмыстық жағдайларын өз назарында ұстап отырады. Ауылдық округтердегі кәсіпкерлердің қолдауымен   аз қамтылған,  мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған  отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету игі бастама өз жалғасын табуда.   Сонымен қатар қайырымдылық шараларымен қатар, қамқорлық көрсетілуде. Бұл жандарға арнайы бөлінген жеке көмекшілерде баршылық.  Жеке көмекшілер,  ең алдымен, көру қабілеті төмен, өздігінен жүріп-тұра алмайтын, қимыл-қозғалысы  қиын  I топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға бөлінеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімді ортаның қалыптасуы тұрғысында ауданда орналасқан барлық әлеуметтік нысандар мен ғимараттардың алдына мүгедектердің арбаларына арналған кіре­беріс жолдар, пандустардың орналастырылуы да назардан тыс қалмаған.

Жуырда 1 желтоқсан күні Қараөткел ауылдық округінде Қараөткел ауылында «Мейірім» әлеуметтік дүкені ашылды. Аталмыш дүкен ауданы 180 шаршы метр. Жаңадан ашылған әлеуметтік дүкенде  7 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 3-еуі мүмкіндігі шектеулі жандар. Мақсат ең алдымен қажеттілік тауарлары мен тамақ өнімдерінің бағасын реттеу және ұстап тұру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру арқылы халықтың әлуеметтік осал тобын, зейнеткерлер мен мүгедектерді қолдау болып табылады.  Сонымен қатар жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда пандустардың болуы қадағалануда. Бұл бағытта  жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл жөнінде арнайы мониторинг жұмыс тобы құрылған болатын. Аталмыш топ аудан аумағында салынуы жоспарланып отырған әлеуметтік маңызы бар нысандардың ғимараттарын салу кезінде кіреберіс жолдарының, пандустар, мүгедек арбаларына арналған құрылғылардың, тұрақтардың орнатылуын ескере отырып, құрылыс нормалары мен қағидаларының  қатаң  сақталуын  бақылап, қадағалайтын болады.

 

Дидар ОРАЛБЕК,

Целиноград ауданы

 
Тегтер: «Кедергісіз келешекЦелиноград
Алдыңғы жаңалық

Илья Ильин жаңа қызметке тағайыдалды

Келесі жаңалық

Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың ақпарат жарияланды

Ұқсас жаңалықтар

фильм
Жаңалықтар

“Томирис” фильміне түскен каскадерлер салмағы 12 келі Taurus (АҚШ) сыйлығын иемденді

Қаңтар 23, 2021
3 жылда
Жаңалықтар

Соңғы 3 жылда пара беру фактісі бойынша 1054 қылмыс тіркелген

Қаңтар 22, 2021
ауа райы
Жаңалықтар

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 22, 2021
Ақтөбе
Жаңалықтар

Ақтөбеде жол ережесін бұзып, куәлігінен айырылған жүргізуші мектеп оқушыларын тасымалдаған

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Томирис” фильміне түскен каскадерлер салмағы 12 келі Taurus (АҚШ) сыйлығын иемденді

Қаңтар 23, 00:16

Соңғы 3 жылда пара беру фактісі бойынша 1054 қылмыс тіркелген

Қаңтар 22, 23:35

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 22, 23:08

Ақтөбеде жол ережесін бұзып, куәлігінен айырылған жүргізуші мектеп оқушыларын тасымалдаған

Қаңтар 22, 22:52

Қуат Хамитов 51 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

Қаңтар 22, 22:14

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 21:42

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 21:31
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

фильм

“Томирис” фильміне түскен каскадерлер салмағы 12 келі Taurus (АҚШ) сыйлығын иемденді

Қаңтар 23, 2021
3 жылда

Соңғы 3 жылда пара беру фактісі бойынша 1054 қылмыс тіркелген

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»