Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың ақпарат жарияланды
Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың ақпарат жарияланды
102
оқылды

5 желтоқсанға қараған түнде Ақмола облысы Бурабай ауданында болған төрт әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты.

Қазақстан Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылған. Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды.

Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болыпты. Оның артында 20 және 13-тегі екі қызы қалған. Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген екен.