Елордада үш жасөспірім ер азаматты ұрып кетті (видео)
Елордада үш жасөспірім ер азаматты ұрып кетті (видео)
125
оқылды

Елордада үш жасөспірім көшеде кетіп бара жатқан ер азаматты ұрып кеткен.

Бейнежазбада астаналық азаматтың жолда келе жатқаны байқалады. Бір кезде оны біреу жүгіріп келіп, арқасынан теуіп жібереді. Бұзақы бірнеше рет бұл қылығын қайталап содан кейін қашып кетеді. Жәбірленуші полицияға хабар берген. Қазіргі таңда үш күдікті қолға түсіпті. Олар елорда тұрғынын қасақана жұдырықтасуға мәжбүрлемек болған.

[embed]https://youtu.be/FxrbJ1pQK2c[/embed] "Іздестіру шаралары нәтижесінде үш күдікті ұсталды. Олар жасөсіпрімдер екені анықталды. Қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары жүргізілуде", -деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.