Шаш үлгісімен рекордтар кітабына енген қыз

Нью-Йоркт тұрғыны Симона Уильямс шаш үлгісінің көлемі бойынша Гиннестің әлемдік рекордын жаңартыпты.

Қыздың африкалық шаш үлгісі ресми түрде әлемдегі ең үлкен болып танылды. Оның биіктігі 20,5 сантиметр, ені 22,5 сантиметр, ал айналдыра 1,48 метрді көрсеткен. Уильямсқа шаштың осындай көлемге дейін өсіру үшін тоғыз жыл қажет болған.

"Шамамен 23 жасымда табиғи шашымды өсіремін деп ұйғардым.  Шаштаразға жұмсалатын ақшаны үнемдеу арқылы пәтеріме тезірек көшпеуші болдым", - деді рекордшы.

Ол шашын сульфатсыз сусабындармен жуып, кондиционерді көп қолданады екен. Ал шашы шатасып қалмауы үшін, оны 8 кішкентай бөлікке бөліп, олар өзі кепкенше күтеді.

"Шашымды ретке келтірсем, ол үлкен әрі сәнді болып шыға келеді. бірден көзге түсемін. Мұндай шаш үлгісі - менің кім екенімді көрсетеді. Көптеген жыл бойы қара нәсілді әйелдер бостандық символы ретінде осындай афромен жүрген, мен де үйден шыққан кезде еркіндік пен сенімдікті сеземін", - дейді Уильямс.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.